Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ОҚИҒАЛАР

12.09.2019
Жетісу ауданында халыққа қызмет көрсету орталығының салтанатты ашылуы өтті

«Nur Otan» партиясының @nur_otan кезекті XVIII съезінде партия төрағасы Н. Ә. Назарбаев «Халыққа көмек» ұлттық жобасын ұсынды.

Ұлттық жобаны іске асыру барысында Олимпиада ойындарының чемпионы Жақсылық Үшкемпіров ағамыз жеке қаражаты есебінен  салынған , Алматы қаласы Жетісу ауданында, «Нұрсәт» базарының аумағында орналасқан мамандандырылған (авто) халыққа қызмет көрсету орталығы аумағы – 850 ш.м., 400 орынға автотұрақ орындарымен орталықтың салтанатты ашылуы өтті.

Арнайы халыққа қызмет көрсету орталығының ашылу рәсіміне Алматы қаласы әкімінің Бірінші орынбасары Қожағапанов Ерлан Тоқтарханұлы,  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы басқармасының төрайымы Балташева Әсемгүл Серіковна қатысты.

Жаңадан ашылған авто ХҚКО Жетысу ауданы, Ақсуат көшесі, 118 мекенжайында орналасып, келесі қызметтерді көрсетеді:

▪ көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу;

▪ көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуден шешу;

▪ мерзімі аяқталған, аты-жөні ауысқан немесе жоғалтып алған жүргізуші күәлігін беру.

Статистикалық талдама нәтижесіне сәйкес, күніне 1 000 – 1 200 адамға қызмет көрсетіледі.

Құжаттарды қабылдау дүйсенбі – сенбі күндері сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, дайын құжаттарды беру 20.00-ге дейін, түскі үзіліссіз жүргізіледі.

12.09.2019