Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ОҚИҒАЛАР

30.04.2019
Алматыда тағы екі бағыттың автобустары жаңарды

Алматыда көлікті реформалау аясында жылжымалы составты жаңарту жалғасуда және қаланың бағыттар желісі ұлғаюда. Жұмыс сапары кезінде мегаполис әкімі Бауыржан Байбек №31, №81 бағыттарын жаңарту үшін жеке тасымалдаушы сатып алған жаңа автобустарды көрді.

№2 автобус паркі видеобақылау камераларымен, пандустармен жабдықталған «Yutong» маркілі төмен еденді көліктермен толықты.

№31 бағыт бойынша «Қазақфильм» ықшам ауданы мен «Барлық» базарының арасына жылжымалы составтың 17 бірлігі қатынайды. №81 бағытта Қожабеков көшесінен 71 разъезге дейін 14 автобус жүретін болады. Бағыттардағы көлік қозғалысын 100% қамту барысында бұлардағы жолаушы ағыны екі есе артады деп күтілуде.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек қолма-қол төлемсіз жүйе мен субсидиялауды енгізу барысында нарықтық механизмнің қалыптасқанын, осының арқасында тасымалдаушылардың жылжымалы составты жаңартуға қолжеткізгенін атап өтті. Қалада автобустарды жаңарту жұмысы одан әрі жалғасады. Жыл басынан бері қарай мегаполис жолдарына 125 жаңа автобустар шықты. Биылғы жылы тағы 430-дан астам жаңа автобус алу жоспарланған, оның ішінде газбен жүретін төмен еденді 200 автобус.

Соңғы екі жыл ішінде қаланың автобус паркі 80%-дан астамға жаңарды, еліміздегі алғашқы BRT желісі жүзеге асты, каршэринг қызметі енгізілді, метроның екі бекетінің құрылысы жүруде, LRT жобасы қолға алынады.










30.04.2019