Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ОҚИҒАЛАР

25.06.2019
Алматыда автобустар санын 4 есе арттыру жоспарлануда

Алматы әкімі Бауыржан Байбек автобус техникасының, аксессуарлар мен қызмет көрсетудің «BUSWORLD Central Asia 2019» халықаралық көрмесінің ашылуына қатысты. Көрме өзінің жартығасырлық тарихында алғаш рет Орталық Азияда өтуде.

Қала әкімі өзінің сөзінде көлік реформасын жүргізіп отырған Алматы үшін «өз уақытын» экспорттық айналымда тексерудің және халықаралық тәжірбие жинақтаудың өте маңызды екенін айтты.

«Халықтың мобилділігі - үлкен қалаларда өмір сүрудің басты критерийі. Қазіргі кезде субсидия арқасында тасымалдаушылар составы 80%-ке жаңарды, 1300 жуық жаңа автобус сатып алынды. Жыл аяғына дейін жаңарту 100%-ке дейін жетеді. Кейін қаланың автобус парктерін 4 есе жаңартатын боламыз. Бұл миллиардтаған теңгелерді көлеңкеден шығару арқасында мүмкін болды және ашық көлік саласы қалыптасты. Жақын арада қала бағыттарында «Made in Almaty» электробустары жүретін болады. Электробустардың үшінші буынын жанында 300 орынды автопаркі бар «FalconEurobus» зауыты шығарады. Автобустар қозғалысын реттеу үшін диспетчерлік басқару жұмысын күшейттік және тасымалдаушыларға айыппұл санкциясын салдық. Тек өткен жылдың өзінде ғана тасымалдаушылардан 560 млн. теңгеден астам субсидия ұсталды», - деді Бауыржан Байбек.

Қала әкімі өзінің Instagram-аккаунтында биылғы жазда троллейбус желілерін жаңарту жұмысының басталатынын хабарлады. Қазіргі кезде 172,6 километрді реконструкциялаудың, ТЭО қосалқы станциясын жөндеудің және троллейбус бағыттарының жаңа желілерін салудың ЖСҚ дайын. Алматы әкімі өзінің сөзінде бұл шаралар бағыттардағы троллейбустар саны мен орташа жылдамдықты арттырып, апатты жағдайларды азайтатынын айтты.


Бауыржан Байбек BRT жүйесінің алғашқы желісін іске қосу жол қозғалысына кететін уақытты 40%-ке үнемдеуге мүмкіндік бергенін жеткізді. Жыл сайын жаңа желіні 100 мыңнан астам жолаушы пайдалануда. Сараптама көрсеткендей, уақыт тым тығыз кезде Тимирязев бойындағы автобустар қозғалысының жылдамдығы аялдамаларды қосып есептегенде 3 есе жоғары болуда. Қоғамдық көлік үшін 122 км айрықша жолақтар жасалған, осының арқасында 22 көшеде көлік қозғалысының жылдамдығы артты. LRT конкурсының бірінші кезеңі аяқталды, метроның екі жаңа бекетінің құрылысы жалғасуда, интервалды азайту үшін тағы 8 жаңа состав сатып алынады.


Бұлардан өзге, қаланың коммуналды меншігіне мегаполистің басты туристік қақпалары – «Алматы-1» және «Алматы-2» теміржол вокзалдары беріледі, «Саяхат» автовокзалын қайтару бойынша жұмыстар жүруде. Өткізу қабілетін арттыру үшін екі теміржол вокзалдарына реконструкция жүргізу жоспарлануда. Қала тұрғындарының мобилділігін арттыру үшін «Anytime» көлікті жалға беру жүйесі енгізілді, «Almaty bike» велопрокаты жұмыс істейді, ал шілдеден бастап 300 электросамокатты жалға беру басталады.



25.06.2019