Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ОҚИҒАЛАР

03.09.2019
Алматыда оркестрлер фестивалі өтеді

Қаланың Мәдениет басқармасы хабарлағандай, 4-5 қыркүйекте қалалықтар ерекше жақсы көретін күзгі шаралардың бірі – «Окестрлер фестивалі-X» өтеді.
          Биылғы жылы халық және классикалық музыка мерекесі өзінің алғашқы 10 жылдық мерейтойын атап өтетін болады. Екі күн ішінде халықтық және әлемдік музыканың үздік композиторларының шығармалары орындалады.
           Бірінші күні сахнадан Дәулеткерейдің, Құрманғазының, Нұрғиса Тілендиевтің күйлері және Ұлы дала халқының үздік туындылары орындалады.
            Екінші күні ерекше көріністер көп болады, А. Зацепиннің оңтүстік астанаға арналған «Гүл Алматым» композициясы, Ақан серінің «Балқадишасы, сонымен қатар Виктор Цой мен «Кино» тобының, Стингтің, Queen тобының, кинолар саундтректері («8 миля», «Пираты Карибского моря», «Титаник», «Крестный отец» және басқалары) бірінен соң бірі орындалады. Кішкентай тыңдаушылар да назардан тыс қалмайды, олар үшін «Король Лев», «Аладдин», «Русалочка», «Мадагаскар» және басқа да мультфильмдерден композициялар ұсынылады.
             Фестивалға Александр Беляков жетекшілік ететін Алматы әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрі, Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрі, дирижері және жетекшісі Абылай Тілепберген қатысады.
             Қала күні аясында жыл сайын өтетін Оркестрлер фестивалі - ерекше әрі естеқаларлық оқиға. Биылғы жылы аталған шара 4 және 5 қыркүйекте Республика Сарайы алдындағы Абай алаңында ашық аспан астында өтетін болады.

03.09.2019