2020 жылдың 13 шілдесі
Қазақстан Республикасындағы
ұлттық аза тұту күні
Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31 1 2 3 4 5 6
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ОҚИҒАЛАР

19.02.2020
Б. Сағынтаев коронавируске қарсы іс-қимыл туралы: барлық қызметтер жоғары деңгейде жұмыс істейді

Бүгін Halyk Arena көпсалалы кешенінде қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қала тұрғындарымен өткен есептік кездесуі өтуде.

Алмалы ауданының тұрғыны әкімге коронавирусты инфекцияның таралуын болдырмау бойынша ағымдағы жағдай туралы өтініш білдірді.

"Біз бірінші күннен бастап жұмысқа кірістік. Әкімдікте жұмыс тобы құрылды, штаб әкім орынбасарының төрағалығымен құрылды. Барлық қызметтер жұмысқа тартылды", - деді әкім.

Алматыда барлық жұмыстар ДДҰ ұсыныстарына сәйкес жүргізілуде. Барлық деңгейде: ұшақ бортында, әуежай аумағында тексеру шаралары қамтамасыз етілген.

Әкім мегаполисте дәрілік заттардың жеткілікті қоры бар екенін атап өтті.

Б. Сағынтаев бетперделердің барлығы сатылып, дүрлікпенің орын алғанын айтты. Бұл ретте бетперде өндірісінің көлемін арттыру бойынша шаралар қабылданды, сондай-ақ сатып алу да жүргізілді. Бүгінде бетперделер саны қалада қажетті көлемде бар.

"Біздің кәсіпорындар 3 ауысымда жұмыс істеді. Қазір бетперделер саны жеткілікті. Соның ішінде кәсіби бетперделер де сатып алынды. Бұл тұрғыда сұрақтар жоқ. Бізге ҚХР-дан келгендердің барлығын мекен-жай бойынша, тегі бойынша тексердік. Бізге жүгінген қызуы бар адамдарды коронавирусқа тексердік. Жағдай қалыпты. Бәрі жақсы болады. Барлық қызметтер жоғары деңгейде жұмыс істейді", - деді әкім.

Айта кету керек, ЖРВИ мен тұмауды жұқтыру қаупі жоғары кезеңде, сондай-ақ бірқатар елдерде вирустық инфекциялардың таралуы бойынша жағдайды ескере отырып, мегаполис тұрғындарына адамдар көп жиналатын жерден аулақ болу және қауіпті аймақтарға шықпау ұсынылады.


19.02.2020