Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

Денсаулық сақтау ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ



Сақ болыңыз: Битшеңдік (Педикулез)!


Битшеңдік (Педикулез) – паразиттік тері ауруы. Жұқтыру кезінде науқастың шашында қансорғыш биттердің пайда болуы және шоғырлануы болады.

Педикулездің негізгі симпотдары қасынумен аллергиялық, дерматитпен, тері дақтануымен ілесетін бастың шашты бөлігінің әсіресе желке мен самай бөліктерінің құлақ түбінінің қышуы сирек жағдайларда киізшаш – бас терісінде қабыршақ қалыптастыратын іріңді – серозды шығындылармен жабысатын шаштың шатасуы. Педикулез барысында қабақ пен кірпік те зақымдалуы мүмкін.

Жұқтыру көздері

Биттер – көлемі 1,5-2 мм кішкене жәндіктер. Күнделікті бит жұмыртқалайды (сіркелейді), сіркелерін шаш түбіне немесе киім талшықтарына бекітеді. 7-10 күн ішінде жұмыртқадан балаңқұрттар пайда болып, 15-17 күннен кейін олар ересек жәндіктерге айналады.

Сіркелер – сары - ақ түсті, көлемі 1- мм-ге дейін болатын сәл жылтыр жұмыртқалар.

Балаңыздың басынан бит табылған жағдайда не істеу керек?

Дәрігерге көрініңіз. Бұл паразиттерді белгісіз перпараттар көмегімен өз еркінізбен жоюға тырыспаңыз, себебі бұл бас терісін зақымдайды және шашты бұзады. Педикулезге қарсы заманауи құралдар Сізге биттерден тез және денсаулыққа зиян келтірмей құтылуға көмектеседі.

Бас биттерін жою жолдары

1.     Күндізгі жарықта ұсақ тісті тарақтың көмегімен отбасыңыздың әр мүшесін мұқият тексеріңіз.

2.     Бит табылған жағдайда барлық науқастардың шаштарын Қазақстан Республикасының ұсынған препаратымен өңдеңіз. Қолдану алдында нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз.

3.     Ұсақ тісті тарақтың көмегімен өлі биттер мен сіркелерді алып тастаңыз. Содан кейін басыңызды әдетте қолданатын сусабыныңызбен жуыңыз.

4.     Ішкі киім мен төсек орын жабдықтарын 600 С – дан жоғары температурада қайнатыңыз.

5.     Жұқпа тым қатты жұқтырылған жағдайда, емшараны бір аптадан кейін қайналаңыз.

Сақ болыңыз! Балаңыздың шашын уақыт өткен сайын тексеріп отырыңыз және оған жеке гигиена ережелерін  орындаудың маңыздылығын түсіндіруге тырысыңыз.