Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

Заңнама ЗАҢНАМА



Заңнаманың даулы мәселелерді шешудегі тиімділігі


Жаһандану дәуірінде экономикалық даму мен мемлекеттердің құқықтық жүйелеріндегі интеграциялық процестер күшейтілуде. Бұл құқықтық қауымдастықтан өзара іс-әрекеттің, әріптестік пен үйлестірудің жаңа әдістерін табуды қажет етеді.

Осы орайда, қазақстандық құқықтық тәжірибені әлемдік озық стандарттарға жеткізетін қолданыстағы бірқатар заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген заңнамалық актілер қабылданды.

Үкіметіміздің алға қойған мақсаттарының бірі - еліміздің бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына қосылуы, ал Әділет министрлігінің қызметі аталған мақсатқа жету үшін бағытталған.

ҚР Әділет министрлігі ДЭФ БЖИ үйлестірушісі ретінде Дүниежүзілік экономикалық форумының бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық индексін жақсарту бойынша шараларды жүзеге асыруда. ҚР Әділет министрлігі 119 көрсеткіштің 4 индикаторы бойынша жауапты орындаушы болса, 3 индикаторы бойынша қосымша жауапты болып табылады. Солардың ішінде, «Даулы мәселелерді шешуде заңнаманың тиімділігі» индикаторы бойынша келесін атап өтсек болады:

ҚР Жоғарғы сотымен жаңа азаматтық-процессуалдық кодексінің жобасы дайындалған. Аталған кодекске енгізілген нормалар «Даулы мәселелерді шешудегі заңнаманың тиімділігі» индикаторы көрсеткіштерін көтеруге өз септігін тигізеді.

Кодексте азаматтық сот ісін жүргізу міндеттері мен қағидалары жаңа талаптармен толтырылған. Әсіресе, дауларды реттеудің соттан тыс және сотқа дейінгі тәртібі, сот отырысы кезіндегі татуласу рәсімдері туралы қағидалар тиімді қолданылған.

Татуластыру рәсімін қолдану арқылы заңда дауды бейбіт реттеуге ықпал ету көзделіп отыр. Бітімгершілікке келу арқылы даулардың түйінін тарқатуға бағытталған медиациялық келісімдер мен шарттар жасасу қарастырылған.

Жаңа процессуалдық заң тараптарға дауларды сотқа дейін реттеуге, осы дауды қысқа мерзім ішінде, аз материалдық және моральдық шығындармен шешуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, ҚР Әділет министрілігімен дауларды шешудің баламалы тәсілдерінің бірі болып табылатын дауларды соттан тыс шешу жүйесін дамытуға бағытталған «Төрелік туралы» Заңының жобасы дайындалған.

Бұл заң, егер ҚР заңнамалық актілерінде өзгеше белгіленбесе, дау субьектілерінің мемлекет ішінде немесе оның шегінен тысқары жердегі тұрғылықты жеріне немесе орналасқан жеріне қарамастан, жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен болатын азаматтық-құқықтық қатынастардан туындаған, төрелік шешетін дауларға қатысты қолданылады.

Төреліктің шешiмi төрелік талқылау орнында қабылданған болып есептеледi және оған төреші (төрешілер) қол қойған күнi күшiне енедi.

Қорыта келе, жалпы қабылданған заңнамалық бастамалар азаматтар мен заңды тұлғаларға қолайлы жағдай жасауға бағытталғанына көз жеткізуімізге болады.

           

Алматы қаласы Әділет департаменті

Зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің жетекші маманы

Е.С. Жетписбаев