Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31 1
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

01.07.2015
Бүгін Алматы қаласы Жетісу ауданының тұрғыны 105 жасқа толды

Бүгін Алматы қаласы Жетісу ауданының тұрғыны 105 жасқа толып, мерейтой бақытына кенеліп отыр. Аудан әкімінің атынан Жетісу ауданы әкімі аппаратының өкілдері, Ардагерлер Кеңесінің төрайымы, «Первомайский» шағынауданының алғашқы ұйым төрайымы мен өзін-өзі басқару комитет өкілдері бірлесіп Коровянский Филипп Емельяновичты құттықтады.

Коровянский Филипп Емельянович 1910 жылдың 1 шілдесінде Алтай өңірінде дүниеге келген. 1937 жылы Филипп Емельянович Томск облысы Садовое ауылына жераударылады. 1958 жылға дейін балық аулау артелінде бригадир болып жұмыс істейді. 1958 жылы ақталғаннан кейін Талдықорған облысына ағасына келеді, ал 1959 жылы Алматы облысына көшіп келіп, зейнетке шыққанға дейін винсовхозда жұмыс істейді.

Қуғын-сүргінге байланысты Филипп Емельянович майданға алынбады, соғыс жылдарындағы тыл ардагері статусына ие. Бүгінгі күні Филипп Емельянович 6 бала, 15 немере және 40 шөбере сүйіп отыр.

Өзінің 105 жылдық жасына қарамастан Филипп Емельянович өте белсенді, есте сақтау қабілеті де жақсы. Бала-шағасының сүйіспеншілігіне бөленіп отыр. Бүгінгі күні Алматы қаласы Жетісу ауданының Первомайский ықшамауданында тұрады.

01.07.2015