Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

03.02.2015
Жетісу ауданы әкімінің халық алдында есеп беру кездесулері басталды






Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі №1546 Жарлығын орындау бойынша 2015 жылы 2 ақпанда Жетісу ауданы әкімі Разақов Талғат Көшенұлының аудан тұрғындарымен есептік кездесуі басталды.

Кездесуге тұрғындар, зейнеткерлер, ардагерлер, денсаулық, білім беру, қоғамдық орындар, ПИК, қалалық және аудандық қызметтердің өкілдері қатысты.

Аудан әкімімен тікелей сұрақ-жауап жүйесінде болған кездесуде, тұрғындар өз сұрақтарын қойды. Жетісу ауданының әкімі бірде-бір сұрақ қараусыз қалмайды деді. Талғат Көшенұлының өткен жылы ауданда атқарылған жұмыстар қорытындысы жайлы баяндамасы мен Алматы қаласы ІІД Жетісу аудандық ІІБ бастығы, полиция подполковнигі Қанат Медетханұлы Кудиковтың жыл бойы атқарған жұмыстары жөнінде есебінен кейін, аудан тұрғындары өз сұрақтарын қойды. Негізгі қойылған сұрақтар барысында аудандағы қоғамдық көлік, көріктендіру, балалар алаңы,  аялдамаларды қалпына келтіру, көшелерді жарықтандыру және жүргіншілер өткелі жайында мәселелер талқыланды. Барлық қойылған сұрақтарға аудан әкімі адал жауап беріп отырды, ал өз құзіретіне кірмейтін сұрақтарға қалалық басқармалардың уәкілдері жауап беріп отырды. Кездесу барысында тұрғындар аудан әкімі Талғат Көшенұлына және қала басшысы Есімов Ахметжан Смағұлұлына  жүргізілген газ құбырлары мен көшелерді көріктендіру жөнінде үлкен алғыстарын білдірді.

Кездесуді қортындылай келе, қалада және ауданда өткен әлеуметтік-экономикалық реформалар оң нәтижесін берілгендігі көрінеді.

Кездесулер конструктивті және іскерлік қалыпта өткізілуде.

03.02.2015