Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31 1
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

12.05.2015
Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппараты Ұлы Жеңіс күнінің 70-жылдық мерейтойының құрметіне мерекелік іс-шаралар ұйымдастырды

Ағымдағы жылдың 9 мамырында Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппараты мен Ардагерлер Кеңесі бірігіп Ұлы Жеңіс күнінің 70-жылдық мерейтойының құрметіне мерекелік іс-шаралар ұйымдастырды.

Таңертеңгі сағат 9-дан бастап Алматы қаласының Орталық зираттында орналасқан Даңқ мемориалының алдына Жетісу ауданы аппаратының әкімшілігі, Жетісу ауданының Ардагерлер Кеңесінің төрайымы, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, зейнеткерлер, аудандық қызмет басшылары мен мектеп оқушыларының қатысуымен қаза тапқан жауынгерлердің басына салтанатты түрде гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Негізгі мерейтойлық іс-шара Құлагер ықшамауданында орналасқан «Гүлдер» саябағында орын алды. Аудан әкімі Т.К. Разақов барша жұртты Ұлы Жеңіс күнімен құттықтап, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне Отанын қорғаудағы ерлігі мен жанқиярлық еңбектері үшін алғысын білдірді. Сонымен қатар аудан әкімі мектептер мен мектеп оқушыларын мерейтойлық дипломдармен келесі номинациялар бойынша марапаттады:

  1. «Үздік Жауынгерлік Даңқ мұражайы» - І - орын: Алматы Автомеханикалық колледжі және № 148 мектеп-гимназиясы; ІІ - орын: № 112 жалпы білім беретін мектеп; ІІІ - орын; № 137 жалпы білім беретін мектеп
  2. «Үздік Жауынгерлік Даңқ бұрышы» - І - орын: № 177 жалпы білім беретін мектеп; ІІ - орын: № 110 мектеп-гимназиясы; ІІІ - орын; № 103 мектеп-гимназясы
  3. «Өскелең ұрпақты отансүйгіштік, рухани-адамгершілік бағытта тәрбиелеу» - І - орын: № 108 жалпы білім беретін мектеп; ІІ - орын: № 101 мектеп-гимназиясы; ІІІ - орын; № 129 жалпы білім беретін мектеп
  4. Ұлы Отан соғысы туралы үздік шығарма;
  5. Соғыс туралы үздік өлең авторы;
  6. Ұлы Отан соғысы туралы оқу конференциялар.

Алаң мереке тақырыбына сәйкес безендіріліп, кішкентай тұрғындар үшін балалар аттракциондары мен батуттар қойылды. Мерекелік сауда орналастырылып, әскери ботқа дайындалып, ардагерлер мен еңбек майдангерлері үшін арнайы дастархан жайылды. Келген қонақтар № 2468 және № 73652 әскери бөлімшелерінің аспаздары әзірлеген жауынгер ботқасынан дәм татты.

 Ауа-райының ауытқуына қарамастан мерекелік іс-шараға екі мыңнан астам адам қатысты.

«Қазақстан-қытай құбыр желілері» ЖШС бас директоры Димаш Ғабитұлы Досановтың, бас директордың бірінші орынбасары И Гоның қолдауымен «Ұлы Отан соғысы жеңісінің 70-жылдығына жеткен» Жетісу ауданының ардагерлеріне арналған стенд жасалды.

Концерттік бағдарламада Қазақстан Республикасы эстрадасының жұлдыздары Сұлушаш Нұрмағанбетова, Дәлел Уашев, Жанболат Жұмағазин, Әйгерім Қалаубаева, «Премиум» тобы және мектеп оқушылары көрермендерді соғыс жылдарындағы әндермен тәнті етті. Нақ 9 мамыр күні Ұлы Отан соғысының ардагері Имашұлы Сейтжапар атамыздың 91 жылдық мерейтойымен аудан әкімі Т.К. Разақов құттықтап, естелік сыйлықтармен марапаттады.


12.05.2015