Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31 1
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.07.2015
Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына 170 жыл

Алматы қаласы Жетісу ауданының «Первомайка» ықшам ауданының мәдениет үйінде 21 шілдесінде қазақ халқының ұлы ақыныАбай Құнанбаевтың туғанына 170 жыл толуына байланысты ұйымдастырылған «Абай - дара, Абай - дана» атты аудандық байқауы өтті.

Абай Құнанбаев - ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер.

Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдылық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды.

3 кезеңнен құралған: «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы», «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда», «Көңілім әнді ұғады» байқауға аудандық мектептерден 11 үміткер қатысып, көркем сөз оқудың шеберлігін танытты.

Қазылар алқасының шешімімен №148 мектеп гимназиясының оқушысы - Шайзада Назерке 1 - орынды жеңіп алса, 2 - орынды №193 мектептің оқушысы - Қайратқызы Махаббат және №103 мектеп гимназиясының оқушысы - Қадыржан Дидар 3-орынды иеленді.

Сонымен қатар, байқауға қатысқан басқа үміткерлер алғыс хатқа ие болды.

Байқау жеңімпаздары дипломдармен қатар сыйлықтармен де марапатталды.

22.07.2015