Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31 1
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

25.11.2015
«Нұр Отан» партиясы Жетісу аудандық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудан тұрғындарының мәселелі сұрақтарына жауап беруге Алматы қаласы Жетісу аудандық Прокуроры Н.Б.Бекназаров қабылдау өткізді

Жеке және заңды тұлғалардың сауалдарына Call-орталығына, партияның ақпараттық  порталы арқылы және партия филиалдарына келіп түскен сұрақтарға Филиалдың Қоғамдық қабылдау бөлмесі тәртіптерге бағына отырып жауап береді. 

Партияның қоғамдық қабылдау бөлмесі ҚР мәжіліс депутаттарының, барлық деңгейдегі мәслихаттардың, мемлекеттік органдардың жетекшілері және төрағаларының жеке тұлғаларды, заңды тұлғаларды және топ жетекшілерін қабылдау жұмыстарын ұйымдастырумен қамтамасыз етеді. 

25 қараша күні сағат 15.00-де «Нұр Отан» партиясы Жетісу аудандық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудан тұрғындарының мәселелі сұрақтарына жауап беруге Алматы қаласы Жетісу аудандық Прокуроры Н.Б.Бекназаров қабылдау өткізді.

Келесідегідей сұрақтармен аудан тұрғындары қабылдауда болды: 

1.                Құдиярова Назерке Ермаханқызы – несие алуына байланысты бұрын істі болған алаяқтың алдауына түсіп қалғандығы және аталған мәселе бойынша құқық қорғау органдарының әрекет етпей отырғандығына шағымданады.

2.                Микитаева Сәуле Саветқызы – мемлекеттік мекемелердің заңсыз әрекет еткендеріне шағымданады.

3.                Топорова Виктория – «Кирпичный завод» көшесіндегі тұрғын үйдің алдына заңсыз техникалық қызмет көрсету станциясының бой көтергеніне наразы.

4.                Жолаев Тимур Тұрсынұлы –  Халыққа қызмет көрсету орталығы мен АХАЖ-ның қызмет көрсету сапасына шағым жасайды.

5.                Ткаченко Людмила Александровна – екі баланың анасы, ұзақ уақыт бойы сот орындаушыларының істі сөзбұйдаға салуының салдарынан бұрынғы жолдасынан алиментті өндіре алмай отырғандығына шағым жасаған болатын. Аталған мәселе жедел түрде шешілді. Арызданушы азаматша алғысын білдірді. 

Барлығы 10-нан аса азамат түрлі сұрақтармен қабылдауда болды. 

Аудан тұрғындары құқық қорғау органдарының әрекеттеріне шағым түсірді және олардан көмек сұрады. Аталған шағымдар «Нұр Отан» партиясының Жетісу аудандық филиалының бірінші төрағасының атына ауызша және жазбаша түрде қабылданып алынды. Келіп түскен шағымдар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, өкілетті органдарға шешу жолдарын қарастыруды ұсынды және белгіленген уақыт аралығында жауабы қайтарылуын тапсырды. «Нұр Отан» партиясы Жетісу аудандық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлімі аталған мәселелердің шешімі табылғанша жіті назарда ұстайтын болады. 

Қабылдауға «Нұр Отан» партиясы Жетісу аудандық филиалының бірінші орынбасары Е.Альбисенов қатысты.


25.11.2015