Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31 1
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

25.12.2015
Жетісу ауданының бүлдіршіндеріне аудан әкімінің Жаңа жылдық шыршасы ұйымдастырылды

Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында Жетісу ауданының бүлдіршіндеріне арналған аудан әкімінің Жаңа жылдық шыршасы ұйымдастырылды. Бүлдіршіндердің алдында Жетісу ауданының әкімі Разақов Талғат Көшенұлы сөз сөйледі. Құттықтау сөзінде Талғат Көшенұлы «Бұл біздің сіздерге арнап өткізетін дәстүрлі Жаңа жылдық шыршамыз. Жыл сайын мерекелік шыршаға көбірек бүлдіршіндерді шақыруға тырысамыз. Осы сәтті пайдаланып, сіздерді келе жатқан 2016 жылмен құттықтағым келеді. Жаңа жыл әрқайсыңызға бақыт, әр отбасына береке әкелсін!» деді. Бүлдіршіндер  жасөспірімдер театрының әртістерімен бірге ертегілер еліне сапар шекті. Мереке шыршаның айналасында жалғасын тауып, балалар Аяз Ата және Ақшақармен қосыла ән шырқап, би биледі. Барлығы да Аяз Атадан сыйлықтар алып, мәз-мейрам болып тарқасты. Жетісу ауданы әкімінің Жаңа жылдық шыршасына барлығы 350-ден астам бала қатысты.




25.12.2015