Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31 1
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.08.2018
Шекарашылардың 26 жылдығы

2018 жылдың 18 тамызында ҚР ҰҚК шекара қызметінің құрылғанына 26 жыл толды. Шекарашылардың кәсіби мерекесінің құрметіне Жетісу ауданының аумағында орналасқан №2468 әскери бөлімде мерекелік іс-шара өткізілді. Салтанатты жиын «Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмас...» ескерткіш тақтасына гүл шоғын қою рәсімінен басталды. Қызметкерлермен ұйымдастырылған мерекелік шеру іс-шараның сәнін келтірді. Мерекелік шараның салтанатты ашылуынан кейін бірқатар жауынгерлер ерен еңбектері мен жұмысындағы қол жеткізген жоғары табыстары үшін құрмет грамоталары және алғыс хаттармен марапатталды. Іс-шара ҚР ҰҚК шекара қызметінің №2468 әскери бөлім қызметкерлерімен ұйымдастырылған концерттік бағдарламамен аяқталды.
ҚР Шекарашы күніне арналған бұл мейрамға әскери бөлім командирі Оразов Қ.С., Жетісу ауданы әкімінің орынбасары В.Вавилин, осы салада жылдар бойы адал еңбек етіп, абыроймен зейнетке кетсе де, еліміздің өміріне әлі де белсене қатысып жүрген Генералдар кеңесінің төрағасы Қайдаров Р.Е. және 2468 әскери бөлімшесінің ардагерлері құрметті қонақ ретінде қатысты.


18.08.2018