Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31 1
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

27.01.2015
№148 мектеп-гимназиясында мектеп аралық сайыс өткізілді

Өрттің алдын алу және профилактикалық жұмыс жүргізу мақсатымен Алматы қаласы,  №148 мектеп-гимназиясында Жетісу аудандық Төтенше жағдайларлар қызметінің қызметкерлерімен аудандық Білім беру мекемесінің қызметкерлері бірлесіп мектеп аралық сайыс өткізді.

Балалар өздерінің өнерлерімен, өрттің алдын алу ережелері туралы қаншалықты білімді екенін және төтенше жағдайлар бола қалған жағдайда қандай әрекет жасау керек екенін жеткізе білді.

Балалардың өнерлерін  аудандық Төтенше жағдайларлар қызметінің қызметкерлерімен және аудандық Білім беру мекемесінің қызметкерлері бағалады.

Сайыс басталар алдында балаларға  әртүрлі төтенше жағдайлардың алдын алу туралы әлеуметтік бейнероликтер көрсетілді.

№ 2,148,109,80,103,193,174. мектептерінің оқушылары өз өнерлерін көрсетті.

Сайысты № 103 мектеп оқушылары тематикалық өлең жолдарымен ашты. Барлық сайысқа қатысушылардың дайындаған бағдарламалары әділ қазы алқаларын қанағаттандыра білді.

Сайыс аяқталған кезде шығарылған қорытынды бойынша: № 148 мектеп 1-ші орынға ие болды, 2-ші орынға № 103 мектеп, ал 3-ші орынға № 2 мектеп ие болды. Жүлделі орынға ие болған оқушылар грамоталармен марапатталды.

Барлығымызға мәлім, балаларымыз уақытының көбін мектепте өткізеді, өрт қауіпсіздігі, техникалық қауіпсіздік сақтау және басқа да төтенше жағдайдың алдын алу туралы ақпаратты осы жерден алады. Біздің мектеп оқушылары өрт шыға қалған жағдайда, үйде болсын, көшеде болсын қауіпсіздікті сақтау шараларын үлкендерден арттық біледі деген сенімдеміз. Осындай іс шараларды тек мектепте ғана емес, балабақшаларда да өткіземіз және аталып өткен іс шараларды балалар арасында өткізу, өте тиімді деп санаймыз, себебі балалар білімдерімен сайысқа түссе, қауіпсіздік жағдайлардың түрлерін біліп қана қоймай, естен шығарып алған ережелерін естеріне түсіреді.

27.01.2015