Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31 1
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

26.03.2015
Жетісу ауданында «Наурыз мейрамы» өтті

2015 жылдың 22 наурызында халқымыздың төл мерекесі «Наурыз мейрамы» Жетісу ауданында да аталып өтті. Үстіміздегі жылы Ұлыстың Ұлы күні екі жерде: «Айнабұлақ» ықшамауданындағы саябақта және аудан аумағына жаңадан қосылған «Первомайский» шағынауданының мәдениет үйінің алдында ұйымдастырылды.

Саябақ аумағында аудандық қызметтердің, мердігер ұйымдардың, әкім аппараты сияқты мекемелердің 5 киіз үйлері тігілді. Келген меймандар үшін мерекелік сауда өткізілді, ауданның кішкентай тұрғындарына арналған ойын аттракциондары, батут қойылып, саябақ аумағы мерекелік безендерілді. Ауа-райы да сол күні ерекше мамыражай болып, аудан тұрғындары іс-шараға белсенді қатысты. Тұрғындар мен қала қонақтарына кәсіпорындардың әзірлеген наурыз көжесі, бауырсақтар және т.б. қазақтың ұлттық тағамдары тегін таратылды.

Наурыз думаны театрлардырылған көріністен басталды. Қазақ халқының түрлі салт-дәстүрлері көрсетілді. Салтанатты іс-шараны Жетісу ауданының әкімі Талғат Разақов құттықтау сөздерімен ашты. Концерттік бағдарламада қазақ эстрадасының еңбек сіңірген әртісі Айжан Нұрмағамбетова, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Дәлел Уашев, сонымен қатар би топтары, жас әншілер өз өнерлерін ортаға салып, халыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.


26.03.2015