Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31 1
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

31.12.2015
Алматы қаласының Жетісу ауданында бірқатар жаңа Жылдық іс-шаралар өткізілді

2015 жылдың 30 желтоқсанында Жетісу ауданы әкімінің аппараты өмірге үшем алып келген Айнабұлақ ықшамауданының тұрғындары Ю. Завьялова мен З.Баратованы Жаңа жыл мейрамымен құттықтады. Жаңа туылған нәрестелерге Жаңа жыл қарсаңында жылы лебіздерін білдіріп бүлдіршіндердің аналарын келе жатқан мерекелерімен құттықтады. 

Сонымен қатар, 30 желтоқсан күні жаңа жыл мерекесі қарсаңында, Жетісу ауданында орналасқан Тобаяқов көшесінің өрттен кейін баспанасыз қалған 14 отбасы, Жаңа жыл қарсаңында қоныс тойын тойлады. 1936 жылы камыстан салынған  үйдің орнына рекордтық 3 ай ішінде оларға заманауи 14 пәтерлі үй тұрғызылып берілді. Жаңа үй иелерін Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі Разақов Т. К. және Жетісу ауданы әкімінің орынбасары Мурунова Ж. Ш. құттықтап келді. 

 30 желтоқсан күні, Жетісу ауданы әкімінің аппараты №112 жалпы білім беретін мектеп оқушыларына Алматы ипподромында Жаңа жылдық серуен ұйымдастырды.  Жетісу ауданы әкімінің орынбасары Мурунова Ж. Ш. бүлдіршіндерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап әрқайсысына Жаңа жылдық сыйлықтар таратты. 

Дәл осы күні, Айнабұлақ ықшам ауданында орналасқан Мұқатай көшесіндегі Арбатта Аяз ата мен Ақшақар барлық серуендеп жүрген адамдарды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап жылы лебіздері мен кішігіріп сыйлықтарын сыйлады. 

Сонымен қатар, Жетісу ауданына жаңадан қосылған Первомайка ықшам ауданының бүлдіршіндері де ұмытылған жок. Кішкентай бүлдіршіндерге сахнада Жаңа жылдық ертегі ойнатылып, шырша айналасында ән шырқаптып би билетіліп, Аяз атадан Жаңа жылдық сыйлықтар таратылды.


31.12.2015