Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31 1
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

08.08.2017
Жетісу ауданының әкімі Айнабұлақ ықшамауданының тұрғындарымен кездесті

Аудан әкімінің аппараты және жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерінің Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесіп тұруы дәстүрге айналған.

Осылайша, 2017 жылдың 08 тамызында Жетісу ауданы әкімінің бекіткен кестесіне сәйкес «Айнабұлақ» шағынауданы тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылып, қатысушылар саны 42 адамды құрады.

№68 учаскелік полиция пунктінің инспекторы Ш.Т.Қарабеков атқарылған жұмысы туралы есеп берді.

Тұрғындармен кездесу барысында оларды толғандырып жүрген бірқатар сұрақтар көтерілді. Басым бөлігі ағаштарды санитарлық кесу, аулаларды жарықтандыру, аулалардың ішкі аумағын көріктендіру, қоқыс контейнерлерін санитарлық тазарту және т.б.

Қазіргі уақытта «Айнабұлақ» шағынауданында аула аумақтарын жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көріктендіру жұмыстары кезінде өсіп тұрған ағаштар мен талдарды кесуге жол бермеу мәселесі де алаңдатады.

Айтылған мәселелердің көп бөлігіне сол жерде жауап берілді. Әрі қарай мұқият талдауды қажет ететін күрделі сұрақтар бойынша бекітілген хаттамаға сәйкес шара қолданылатын болады.

Кездесу соңында аудан әкімі қатысушыларға уақыттарын бөліп келгені үшін алғыс айтып, ауданның әлеуметтік өміріне белсенді қатысуға шақырды.




08.08.2017