Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.06.2019
«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күні» шарасына шақырады

2019 жылдың 21 маусымында сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін«БЖЗҚ» АҚ Алматы қаласындағы филиалында «Ашық есік күні» шарасы өткізіледі. 
Осы шара аясында Қордың өңірлік бөлімшелерінің мамандарымен қатар тұрғындарға әлеуметтік қызметтер көрсететін мемлекеттік органдардың, қоғамдық және мемлекеттік емес бірлестіктердің өкілдері келушілерге сағат 10:00-ден17:00-ге дейін әр түрлі сұрақтар бойынша жауаптар және ақыл-кеңестер береді.Сонымен қатар шара барысында келуші азаматтар Қордың, тұрғындарға әлеуметтік қызметтер көрсететін мемлекеттік органдардың, қоғамдық және мемлекеттік емес бірлестіктердің жұмысымен танысады. Сондай-ақ зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтік салалар бойынша көкейде жүрген сұрақтарына жауаптар және ақыл-кеңестер алуға мүмкіндіктері болады. 
Сіздердің сұрақтарыңызға мына құрылымдардың мамандары жауап береді:
- Алматы қаласындағы КММ «Жұмыспен қамсыздандыру орталығы»
- «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» БАҚ
- Алматы қаласындағы «Медициналық-әлеуметтік сақтандыру қоры» БАҚ
- Алматы қаласындағы «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ
Шараға қатысушылардың барлығы бағалау сауалнамасы арқылы өздерінің пікірлері мен ескертпелерін жазып қалдыра алады. 
Еске саламыз, «Ашық есік күні» шарасы Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Шевченко көшесі, 80 (Желтоқсан көшесімен қиылысы)мекенжайында орналасқан «БЖЗҚ» АҚ Алматы қаласындағыфилиалында өткізіледі.

Байланысушы тұлға - Абуева Гулдана Нургалиевна
Телефоны – 8 727 330 9838, 8 778 888 7366



17.06.2019