Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31 1
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

27.08.2018
Қайрат Құдайберген Жетісу ауданында орналасқан LA-155/6 түзету мекемесін аралап, жасөспірімдермен кездесті

"Нұр Отан" партиясы фракциясының мүшесі, Алматы қалалық Мәслихатының депутаты Қайрат Құдайберген Жетісу ауданында орналасқан №24 сайлау округінде халықпен кездесулер өткізілуде.
Кезекті кездесу LA-155/6 түзету мекемесінде өтті. Кездесудің басты мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылау, кез келген сыбайлас жемқорлық көріністеріне жастардың «нөлдік толеранттылықты» қалыптастыруына ықпал ету болды.
Іс-шараға Жетісу ауданының прокуратура бөлімінің аға прокуроры Самат Сұлтан, LA-155/6 түзету мекемесінің бастығы Ертай Шакенов қатысты. Іс-шараға қатысушылар сыбайлас жемқорлық мемлекеттік мекемелерге деген сенімін төмендетіп, мемлекеттік даму бағдарламаларын ойдағыдай жүзеге асырып, қоғамдағы патриотизм деңгейіне кері әсерін тигізетінін атап өтті.Сондай-ақ 2015-2025 жылдарға арналған партиялық сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды және түсіндірілді.
Содан кейін депутат Қайрат Кұдайберген сотталғандардың өмірімен танысып, қызметкерлер жасөспірімдер бос уақытын өткізетін – теннис үстелін, футбол ойнайтын алаңын, теледидар көретін сондай-ақ ұйықтайтын бөлмелерін көрсетті.
Депутат балалар колониясындағы жасөспірімдерімен әңгімелесіп, олардың өмірі мен көңіл-күйіне қызығушылығын танытты.
Балалардың сұрауы бойынша сыйлықтар берілді - доптар, салмақтар, гантельдер, футбол қақпаларына арналған торлар және т.б. спорттық тауарлар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай қазақстандық футбол жұлдыздарымен достық футбол матчтық кездесуін өткізуге уақыт белгіледі.



27.08.2018