Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31 1
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

02.10.2018
№ 193 жалпы білім беретін мектепте «Қарттар күні» айлығы бойынша іс-шаралар өткізілуде

Жетісу аудандық білім бөлімінің тапсырмасымен «Нұр Отан» партиясының Жетісу аудандық филиалының және Жетісу аудандық әкімшілігінің жоспарына сәйкес № 193 жалпы білім беретін мектепте аталған айлық бойынша 02.10.- 30.10.18ж аралында жоспар құрылып, бекітілді. Қазан айының 1-і күні мектебімізде 1-11 сыныптар арасында гүлдер байқауы өткізілді. Байқауға қатысқан оқушылардың жасаған қол өнер «Гүлдер композициясын» ардагер –ұстаздарымыз Рожковаға Л.Ф., Сарсеновке С.Ы.,Славскаяға В.Р.,Смагуловаға Д.С.,Красиловаға З.А.,Бабич Н.Г,Синецкаяға В.П., Янинаға В.Л:,Аугамбаеваға М.А. тарту етілді. Мектеп директоры Утеева А.А., директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Д.Алланепесова, А. Сейтжанова және мектеп оқушылары ардагер – ұстаздарымыздың уйлеріне барып, мерекелерімен құттықтады.

Сонымен қатар, мектеп қабырғасында 2-ші қазан күні «Қарттарым асыл қазынам» атты тематикалық жиын өткізілді. Салтанатты жиынға ардагер –ұстаз Шайза Валихановна шақырылды.Жиында мектеп директоры Утеева А.А қарт ұстаздарды құттықтаса, мектеп оқушылары өлең шумақтары мен билерін билеп, әсем әндерін орындады.


02.10.2018