Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31 1
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

15.04.2016
Жетісу ауданының тұрғындарына «Бірыңғай қабылдау күні» өткізілді

Мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі орталығының Алматы  қалалық филиалының Жетісу аудандык бөлімшесі мен Жетісу аудандық  «Нұр Отан» партия филиалының Қоғамдык кабылдау бөлімі бірігіп, 2016 жылдың 15 сәуiр күні  Жетісу ауданында  «Бірыңғай қабылдау күнін» өткізді.

Қабылдауды ЗТМО Жетісу аудындық филиалының директоры  -  Қ.Базикенова жане   Жетісу аудандық  «Нұр Отан» партия филиалының Торағасының Бiрiншi орынбасары  Е. Альбисенов жүргізді.

Аталған іс-шара, ұлт  көшбасшысы Н.А.Назарбаевтың тапсырмасын «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі Ұлт жоспары – 100 нақты қадамды» іске асыруға бағытталғаніс-шара болып табылады.

Бағытталған Жоспарды іске асыруға, Мемлекеттік корпорация "азаматтарға арналған Үкімет" құрылғаны мәлiмдендi.

Іс-шараға қатысқан азаматтарға Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру енгізілгенi таныстырылды.

Осы «Бірыңғай қабылдау күні» жүргізілген  іс шараға 35 арызданушы келді, соның  17-сіне дереу көмек көрсетілді.

Жетісу ауданының Құлагер мөлтек ауданында «Нұр Отан» партиясы  және ЗТМО филиалының  ашылуына байланысты келушілерге  ыңғайлы жағдай жасалды.

Қазіргі уақытта, «Нұр Отан» партиясымен ұсынылатын мемлекеттік қызмет сапасын арттыру мақсатында  ЗТМО тағайындау үдерісін оңтайландыру арқылы, ведомстволық ақпараттық жүйелерден қажетті мәліметтерді алу жолымен өтініш берушіден талап етілетін құжаттар санын қысқарту принципіне негізделген зейнетақы мен жәрдемақылар тағайындауға өтініштерді қабылдауды жүзеге асыруда.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, "Бірыңғай қабылдау күндері" Жетісу аудандық  «Нұр Отан» партия филиалында тоқсанына бір рет  өткізіледi.

15.04.2016