Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31 1
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

27.12.2018
Жетісу аудандық ардагерлер кеңесінің жаңа төрағасы сайланды

27 желтоқсан күні Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында аудандық ардагерлер кеңесінің пленумы өтті. Пленум Сания Әлденқызы Өмірәлиеваның денсаулық жағдайына байланысты жеке өтініші бойынша аудандық ардагерлер ұйымының төрайымы қызметінен босатылды. Жетісу ауданы ардагерлер Кеңесінің құрметті төрайымы іс-шараға өзі қатыса алмағанымен қатысушыларға "Аудандық ардагерлер кеңесі ұйымының жұмысына сәттілік, бақыт, денсаулық, оның мүшелерінің амандығын тілеймін. Ардагерлердің өмірін жақсарту үшін, жастарды туған еліміз бен ауданымызға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу үшін ұзақ жылдар бойы жұмыс істеген барлық ардагерлер қоғамдастығына үлкен рахмет айтамын. Бастауыш ардагерлер ұйымдарының басшыларына және ауданның барлық ардагерлер активіне белсенді жұмыстары үшін алғысым шексіз" деп пленумға қатысқан Алматы қаласының ардагерлер Кеңесі Төрағасының орынбасары Моисеева Алевтина Федоровна С. А. Өміралиеваның атынан ардагерлерге ізгі тілектерін жеткізді.

Содан соң, жиналған Жетісу ауданының бастауыш ұйымдарының төрағалары бір ауыздан аудандық ардагерлер ұйымының төрағалығына өнер қайраткері, М. Мақатаевтың алтын медальінің бірінші иегері Шаяхмет Имашұлын сайлады. Отырысқа Алматы қаласы Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары А. Ф. Моисеева, Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің орынбасары В. Д. Вавилин, Түрксіб ауданы ардагерлер кеңесінің төрайымы Г. А. Байгутдинова, ардагерлер кеңесі Төрайымының уақытша міндетін атқарушы Л. М. Лапшина және ауданның бастауыш ұйымдарының төрағалары қатысты.


27.12.2018