Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.08.2019
Гепатитті қалай жұқтырмауға болады?
           

Вирустық гепатит – бұл A, B, C, D және E вирустық гепатиттің біреуін тудыратын бауыр қабынуымен сипатталатын жұқпалы ауру. Бұл вирустар түрлі жолмен беріледі:
           А және Е гепатиті – вируспен ластанған азық-түлік пен су арқылы, сондай-ақ тұрмыстық байланыс кезінде адамнан адамға жұғады;
             В және С гепатиті – жұқтырылған қан арқылы, жыныстық қатынас кезінде және жүктілік кезінде анадан балаға жұғады;
            D гепатиті – бұл вирус жекеше адамға жұқпайды, ол тек В гепатиті болған кезде дамиды. Аталған барлық вирустар жіті гепатитті тудырады, оның салдарынан тәбет жоғалады, дене қызуы көтеріліп, терінің сарғаюы және шелдің пайда болуы сияқты белгілер дами бастайды.
            В және С гепатиттері созылмалы түрге ауысып, бауыр циррозы мен обырына әкелуі мүмкін. Гепатит инфекциялары бүкіл әлемде таралған. Созылмалы инфекциялар 57% жағдайда бауыр циррозына және 78% жағдайда бастапқы бауыр обырына әкеледі. 
            Қазақстандағы сырқаттанушылықтың көпжылдық динамикасының талдауы, А және В жіті вирустық гепатиттеріне қарсы жоспарлы иммундаудың нәтижесінде, соңғы 20 жылда жіті вирустық гепатиттермен сырқаттанудың тұрақты төмендеуі байқалатынын көрсетті

                Гепатитті жұқтырмау үшін, келесі қағидаларды сақтау қажет:

          А және В гепатитіне қарсы вакцинация алу қажет. Сапалы таза су ішіп, көкөністер мен жеміс-жидектерді мұқият жуып, термиялық өңдеуден өткізу қажет. Осылай В гепатитін жұқтырмауға болады. Микроскопиялық мөлшерде қан ұстарада, тіс щеткасында, тырнақ алатын қайшыда қалып кетуі мүмкін. Бұл заттарды басқалармен бөліспеу керек. Стерилденбеген құралдармен пирсинг және татуировка жасатпаған жөн. Жыныстық қатынас кезінде сақтану шараларын қабылдау қажет.
            А және Е гепатитінің инфекциясын қауіпсіз азық-түлікпен, зарарсызданған сумен қамтамасыз ету және жұқтырылған адамнан оқшаулану арқылы болдырмауға болады;
         А, В гепатитін – халыққа вакцинация жүргізу арқылы;
          В және С гепатитін – донорлық қанды тексеру, стерильдік инъекциялық жабдықпен жарақтану және инфекциялық бақылау арқылы қамтамасыз етуге болады.
            Жыл сайын, 28 шілдеде әлемнің көптеген елдерінде, соның ішінде Қазақстанда халыққа гепатит түрлерінің қаупі туралы ақпарат беруді арттыруға және азаматтарды диагностика, вакцинация сияқты профилактикалық шаралар қабылдауға тартуға бағытталған.

22.08.2019