Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31 1
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

15.08.2018
Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі және «Алматы энергетика және байланыс университеті» КеАҚ ректоры өзара серіктестік МЕМОРАНДУМЫНА қол қойды

2018 жылдың 15-тамыз күні Елбасымыздың «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі Тәжібаев Мұхтар Iльясұлы және Алматы энергетика және байланыс университетінің ректоры Сағынтаева Сауле Саветовна өзара серіктестік туралы МЕМОРАНДУМҒА қол қойды. Аталған МЕМОРАНДУМНЫҢ негізгі мақсаты Алматы қаласы Жетісу ауданының талантты жастарына қолдау көрсету. 
Жетісу ауданы мегаполистің өнеркәсіптік ауданы болып табылады. Бұл жерде ірі кәсіпорындар шоғырланған және жаңа өндірістер ашылуда. Аудан әкімі Мұхтар Тәжібаев электр энергетикасы, энергияны үнемдеу, энергия тиімділігін арттыру және автоматтандыру салалары бойынша Қазақстан және Орта Азияның жетекші техникалық жоғары оқу орны болып табылатын Алматы энергетика және байланыс университетімен серіктестік құруға мүдделі екенін білдірді.
Жыл ішінде жоғары оқу орнының оқытушылары мен ғалымдарының Жетісу ауданының бизнес қауымдастығының өкілдерімен бірқатар кездесуін ұйымдастыру жоспарлануда. Ғылыми қызметкерлер ауданның ірі компаниялары мен кәсіпорындарына баратын болады.
Университет пен аудандық әкімдігі түрлі бағыттарда жұмыс істеуге келісті. Олар: кадрларды даярлау, студенттерді даярлау мәселелері бойынша ақпарат алмасу, аудан талапкерлеріне оқуға жеңілдік жағдайларын ұсыну; бірлескен ғылыми іс-шаралар, симпозиумдар, конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру және өткізу; дәрістер оқу, тәжірибе алмасу. Басты назарда студенттердің практикаларын ұйымдастыру мен жоғары оқу орнының түлектерін жұмысқа орналастыру мәселелері болмақ.
АЭжБУ мен Жетісу ауданының әкімдігі Меморандумға қол қою жемісті серіктестікке алып келетініне сенім білдірді.
Өз кезегінде жоғары оқу орнының ректоры Сағынтаева Сауле Саветовна ҰБТ бойынша 80 баллдан жоғары көрсеткіш көрсеткен Жетісу ауданының талапкерлеріне аталған оқу орнына қабылдануға және оқу төлемақысының 60 пайызын төлеуге мүмкіндік берді. Яғни, Жетісу ауданының ҰБТ иегерлері аталған ЖОО-ның кез-келген мамандығына 40 пайыздық жеңілдікпен түсе алады. Универститет қабырғасындағы оқу жылдарында оқу үлгерімі бойынша /жақсы/ деген нәтижені көрсеткен жағдайда аталған жеңілдік сақталады. Еліміздің болашағы болып саналатын жастарымыздың жоғары білім алуына және мамандық иесі атанып еліне қызмет етуіне мүмкіндік беретін бұл МЕМОРАНДУМНЫҢ болашағы жарқын болғай!

15.08.2018