Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31 1
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

04.06.2018
Түлектеріміздің мейірімге толы жүрегі

Адам өміріндегі ең үлкен бақыт - ұрпақ өсіру, бала тәрбиелеу. Бүгінгі бала - елдің ертеңі, болашағы, ұлттың жалғасы. Қай мемелекет болмасын, бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлетіні сөзсіз. Өйткені, өскелең ұрпақ – елдің ертеңгі тізгінін ұстар азаматы екендігі айдан анық.

Жетісу ауданы №108 жалпы білім беретін мектеп бітіруші түлектері Алматы қаласының он бірінші сынып оқушыларының бастамасымен өтіп жатқан қайырымдылық акциясын қолдай отырып, әлеуметтік желіден Қазақстан Республикасының онкология және радиология балалар бөліміне теледидар қажет екенін біліп, балаларға теледидар сыйға тартты. Қаршадайынан өмірдің қадірін біліп, сол өмір үшін аянбай күресіп жатқан балалардың дерттерінен айығуына титтей де болса көмегіміз тисін деген ізгі ниет осындай игі қадамға жетеледі.                                                                                                                                   

Сонымен қатар, мектеп түлектері сынып жетекшілері М.А.Картбаева, В.В.Паршинамен бірге «Жанұя» балалар үйіне барып, бүлдіршідерге жаздық киімдер, сыйлықтар тарту етті. Ата-ана мейіріміне зәру жәутеңкөз балапандарға арнап өлең оқып, ән шырқады, ойындар ойнатып, бүлдіршіндердің көңілін көтерді. «Жанұя» балалар үйі ұжымы мен осы үйде тәрбиеленіп жатқан балдырғандар мектеп бітіріп, үлкен өмірге аяқ басқалы отырған аға-әпкелеріне ақ тілектерін білдіріп, алғыстарын жаудырды.

Мектебіміздің оқушылары білімді ғана емес, жүрегі жұмсақ, мейірімді жан болып өсіп келе жатқаны көпшілікке аян және талай жанға үлгі болары хақ.


04.06.2018