Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31 1
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

09.07.2015
Қоршаған ортаны және экологияны қорғау бөлімі табиғатты қорғау полиция қызметкерлерімен бірігіп күнделкті бақылау шараларын ұйымдастыруда

Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімі аппаратының басты міндеттерінің бірі тазалықты қамтамассыз ету болып табылады. Осыған орай, аудан басшылығы тарапынан нақты шаралар қолға алынып отыр.

Заңды және жеке тұлғалар IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы VI сессиясының №45 шешімімен Алматы қаласы көріктендіру ережесіне сәйкес, өздеріне тиесілі жер телімдерін күн сайын қатты тұрмыстық қалдықтардан тазартуы және жаз мезгілінде шөбін шабуы тиіс. Қоршаған ортаны және экологияны қорғау бөлімі табиғатты қорғау полиция қызметкерлерімен бірігіп күнделкті бақылау шараларын ұйымдастыруда. Жыл басынан өздеріне тиесілі аумақтарын уақытылы жинамаған заңды және жеке тұлғаларға әкімшілік кодекстің 505 бабына сәйкес 468 хаттама толтырылып, 4 304 904тг айыппұл салынды.

Сол сияқты аула аумақтарының ішкі санитарлық тазалығын бақылау барысында ережені сақтамаған жеке пәтер иелері кооперативтерінің төрағаларына Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексіне сәйкес әкімшілік ықпал ететін шаралар қолданылды (мәселен 1 ай ішінде 7 ЖПИК айыппұл салынды).

Аудан аумағының тазалығын сақтау тұрғындарға да байланысты екенін еске саламыз. Сондықтан, рұқсат етілмеген жерлерде қатты тұрмыстық қалдықтарды тастау, рұқсатсыз жасыл желектерге зақым келтіру, жапырақтарды өртеу, от жағу т.б заңнама талаптарына қайшы келетін әрекеттер жасауға жол бермеу керек. Аталған заң бұзушылықтар орын алған жағдайда табиғатты қорғау полициясына немесе Жетісу ауданының қоршаған ортаны және экологияны қорғау бөліміне хабарласуларыңызды сұраймыз.(тел.234-70-31)

09.07.2015