Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31 1
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

11.05.2016
Жетісу ауданында 9 мамыр мерекесі өтті

2016 жылдың 9 мамырында Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппараты Ұлы Жеңіс Күнінің құрметіне мерекелік іс-шаралар ұйымдастырды. Сағат таңертеңгі 9-дан бастап Орталық зиратта Ұлы Отан соғысы ардагерлері, зейнеткерлер, аудандық қызмет басшылары мен мектеп оқушыларының қатысуымен қаза тапқан жауынгерлердің басына гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Аудан әкімінің орынбасары Ж.Ш.Мұрынова аудан тұрғындары мен келген қонақтарға құттықтау сөзін сөйледі, рәсімге қатысушылар батырларды құрметтеп, бір минуттық үнсіздікпен еске алды. Салтанатты гүл қою шарасынан кейін ардагерлер айтулы датаны мерекелеу үшін Алматы қалалық ипподромының аумағына жеткізілді. Алаң мереке тақырыбына сәйкес безендіріліп, мерекелік сауда орналастырылған, әскери ботқа дайындалып, ардагерлер мен еңбек майдангерлері үшін арнайы дастархан жайылды. Келген қонақтар әскери бөлімшелер аспаздарының әзірлеген жауынгер ботқасынан дәм татты. Концерттік бағдарламаны Чайковский атындағы мектептің үрмелі музыкалық оркестрі ашты, сондай-ақ қазақ эстрадасының жұлдыздары қатысып, Ұлы Жеңіс Күні тақырыбында әндерін шырқады. Мерекелік думанға келген ардагерлер мен қонақтарды аудан әкімі Разақов Т.К. Ұлы Жеңіс Күнімен құттықтап, барлығының отбасына амандық пен бейбітшілік тіледі. Мейрамның соңында барлық қатысушылар бәйгені тамашалады.

  

         

11.05.2016