Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31 1
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

01.08.2017
Жетісу ауданында учаскелік инспекторлар мен жергілікті өзін-өзі басқару комитеті халықпен кездесулері жалғастыруда

2017 жылдың 1 тамызында Жетісу ауданының әкімі М. Тәжібаев, жергілікті учаскелік полиция қызметінің инспекторлары және  жергілікті өзін-өзі басқару комитеті  25 аумақ тұрғындарымен кездесу өткізді.

Жыл басынан бастап  атқарылған жұмысы жайлы жергілікті учаскелік полиция инспекторы халық алдында есеп берді, сөз барысында  құқық бұзушылық көрсеткіштерінің азайғанын өткен жылмен салыстырғанда азайғанын атап өтті.

Жетісу ауданы Ішкі Істер басқармасының әйел құқығын қорғау жөніндегі инспекторы  Г. Курбанбаева тұрғындарға Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы заңының қағидаларын түсіндіріп өтті.

Аудан  әкімі  М. Тәжібаев өзінің атқарған жұмысы туралы халыққа жеткізді. Кездесу кезінде келесі сұрақтар көтерілді:  жаңа автобус маршруттарын ашу, төменгі аумақта кәріз  желісін салу, ескі үйлерді бұзу, жол белгілерін қою. Әкім осы аумақтың мәселелерімен танысып,халық алдында осы сұрақтардың жауабын бақылауда ұстайтынын айтты.

Кездесу барысында Жетісу ауданының әкімі осы  аумақтың белсенді тұрғыны Боярская Наталья Яковлеваны 70 жасқа толуымен құттықтап, денсаулық, отбасына бақыт тіледі, сонымен қатар Жетісу ауданының  Ардагерлер кеңесі ұйымы атынан ауданның  көркеюіне  қосқан үлесі үшін алғыс хат табыстады.

Кездесу соңында, әкім ауданымыздың одан ары жақсарып, дамуына әр тұрғын өз үлесін аямай және барлық мәселелерді бірігіп шешуге ат салысуға шақырды.


01.08.2017