Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31 1
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

29.11.2018
І.Жансүгіров көшесінің мерекесі аталып өтті

2018 жылдың 29 қарашасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент күні қарсаңында Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппараты және аудандық білім бөлімімен ұйымдастыруымен «І.Жансүгіров көшесінің мерекесі» өткізілді. Осындай іс-шараның құндылығы – адамдардың өзара жақындасуына, ынтымақтық сезімнің және өз көшесі үшін мақтаныш сезімін оятады. Мейрам театрландырылған көріністен басталды. Аудан әкімі М.Тәжібаевтің құттықтау сөздерінен кейін концерттік бағдарлама болды. Аудан мектептерінің талантты балалары мен қонақтары өнерлерін ортаға салып, І.Жансүгіров көшесі тұрғындары мен қонақтарына жақсы көңіл-күй сыйлады.

Іс-шара аумағында І.Жансүгіровке арналған кітап және сурет көрмелері, қолөнершілердің көрмесі жұмыс істеді, ұлттық спорт ойындарынан жарыс ұйымдастырылды.

Іс шараға РҚБ Президиумының мүшесі, Генерал майор Абдурахманов Алмасбек Сеитович, Алматы қаласының маслихат депутаты Қайрат Құдайберген, «Атамекен» кіші бағдарламасының әкімшісі Тәжібай Аян Қартайұлы және Мұқағали Мақатаев атындағы алғашқы алтын төс белгі иегері Шаяхмет Имашұлы қатысты.

Мереке қызықты өтіп, тұрғындар уақытын көңілді өткізді, көрші көше тұрғындары жақсы тілектерін жеткізді.


29.11.2018