Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31 1
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

07.11.2018
Жетісу ауданы бойынша туберкулезге байланысты координациялық кеңеспен мәжіліс өтті

2018 жылғы 7 қарашасында Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің орынбасары В.Д. Вавилинніңтөрағалығымен туберкулез ауруымен күрес бойынша үйлестіру кеңесінің ведомсто аралық отырысы өткізілді.

Бұл отырысқа №11,21,5,8,13,19ҚЕ, «Құлагер» АСМККО бас дәрігерлері, № 8, 2 ҚЕ өкілдері, туберкулезге қарсы диспансерінің меңгерушісі, Жетісу ауданы білім беру бөлімінің басшысы, Жетісу ауданында орналасқан 21 орта мектебінің директорлары, Жетісу ауданындағы 22 мектепке дейінгі мекемелердің басшылары, «Жетісу»ПИК қауымдастығының өкілі, Жетісу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өкілі, Жетісу ауданы Мемлекеттік кірістер Басқармасының өкілі, Жетісу ауданы Полиция басқармасы басшысының орынбасары, Жетісу ауданы қорғаныс басқармасы басшысының орынбасарықатысты.

Жетісу ауданы Қоғамдық денсаулық сақтау Басқармасының туберкулез ауруына шалдығудың профилактикалық және эпидемияға қарсы шараларын іске асыру туралы есебін тыңдау барысында туберкулезбен ауыратын науқастарды анықтау, қарау және емдеу, халық арасында санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу, мигранттарды тіркеу және туберкулездің тіркелу бөлімдерінің өзара әрекеттесу мәселелері талқыланды.

Координациялық кеңестің отырыстың қорытындысы бойынша ауданда туберкулез ауруына шалдығудың эпидемиологиялық жағдайын тұрақтандыру және алдын алу шаралары бойынша бірқатар шешімдер қабылданды.


07.11.2018