Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31 1
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.05.2019
Алматы қаласы Жетісу ауданы аппаратында әйелдер істері және отбасылық демографиялық комиссия отырысы өткізілді

2019 жылдың 22 мамырында Жетісу ауданы әкімі орынбасары В.Д. Вавилиннің басшылығымен Жетісу ауданы әкімінің аппаратында әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның дөңгелек үстелін өткізді, оған ауданның мектеп директорлары, «ардагерлер Кеңесі» ҚБ, «көп балалы отбасылар одағы» ҚБ мүшелері, ҚҚ «Отбасы хрестоматиясы», Жетісу ауданы (ПБ) ювенальдық полиция бөлімі және пробация қызметі қатысты. 
Отырыс барысында Алматы қаласының Жетісу ауданында ПБ зорлық-зомбылықтан әйелдердің құқықтарын қорғау инспекторының, АХАЖ, РҚБ, РМҰ, пробация қызметі басшыларының, Алматы қаласының Жетісу ауданында гендерлік саясатты іске асыруға бағытталған жұмысы туралы баяндамалары тыңдалды.
Психолог Сейілбек Мырзабай диалог түрінде отбасының маңызы тақырыбы бойынша семинар өткізді.
Отбасы және ажырасу, әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық, жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол жұмсау, жасөспірім қыздар арасындағы жасанды түсік жасату көбеюі жөнінде проблемалық мәселелер талқыланды. Әсіресе ер балалардың бедеулігі мәселесі жіті бақылауда .
Отырыста гендерлік саясатты жүзеге асырудың алдын алу шаралары, соның ішінде негізі болып табылатын жас ұрпақтың рухани адамгершілік тәрбиесі, отбасылық құндылықтар, балалар мен әйелдердің заңды құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимылға бағытталған бірқатар шешімдер қабылданды. Сонымен қатар, Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы «Отбасы хрестоматиясы» қоғамдық қоры өзінің 22 мамыр күні №148 мектеп-гимназиясында жоғары сынып оқушыларына оқыған «Отбасының мәні» атты лекциясынан кішігірім шолу лекциясын жиынға келіп отырған қатысушыларға оқып берді. Осыған орай, оқушылардың ата-аналарымен, ұйым қызметкерлерімен, мұғалімдермен, психологиялық тренингтік семинарлар өткізу жолымен «Отбасы хрестоматиясы» ҚҚ мен тығыз қарым-қатынас орнатуға ұжымдық шешім қабылданды.
Отырыста гендерлік саясатты жүзеге асыру бойынша және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шараларына бағытталған шешімдер қабылданды, олардың негізі: өскелең ұрпақты адамгершілік - рухани тәрбиелеу, отбасылық құндылықтар, балалар мен әйелдердің заңды құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күреске бағытталған жұмыс болып табылады.


22.05.2019