Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31 1
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

25.04.2016
№66 мектепте «Балаларды қорғайық» ұранымен аудандық семинар өткізілді

Алматы қаласы Жетісу ауданы прокуратурасы аудандық білім бөлімімен бірлесе отырып №66 жалпы білім беретін мектепте «Балаларды қорғайық» ұранымен аудандық семинар өткізді, бұл кездесуге Жетісу ауданының прокуроры Н.Б.Бекназаров, Алматы қалалық ауданаралық арнайы мамандандырылған сотының төрешісі Б.О.Карибжанов, Алматы қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары Г.Г.Амиртаева, Жетісу ауданы әкімінің орынбасары Ж.Ш.Мұрынова, аудандық білім бөлімінің басшысы Ч.Д.Тельгазиева және №2, 3, 57, 66, 80, 87, 101, 103, 109, 110, 112, 118, 143, 193 аудан мектептерінің 7-10 сынып оқушылары қатысты.

Кездесу барысында кәмелетке толмағандардың арасында суицидалді көңіл-күйдің алдын алу, өкелең ұрпақты тәрбиелеу, сонымен қатар жасөспірімдердің құқықбұзушылық жасауларына жол бермеу тәсілдері талқыланды.

Жоғарыда аталған мектеп оқушылары құқықбұзушылықты жою бойынша өмірлік ситуацияларды ойын түрінде көрсетті.



25.04.2016