Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31 1
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.05.2019
Зорлық-зомбылықсыз отбасы

Жыл сайын бүкіл әлем бойынша 15 мамыр Халықаралық отбасы күні атап өтіледі, бұл мемлекеттің демографиялық саясатымен бірге отбасының маңыздылығын көрсетеді.

Мамырдың 15-17 аралығында Алматы қаласы «Зорлық-зомбылықсыз отбасы» атты жедел-профилактикалық іс-шара өткізілді.

Бұл іс шараның негізгі мақсаты отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында болған заңсыз іс-әректтерді ескерту, алдын алу, отбасындағы зорлық-зомбылықты жасауға бейім тұлғаларды анықтау.

Жедел-профилактикалық іс-шара барысында Жетісу ауданының ІІБ Жергілікті полиция қызметінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау инспекторы мен учаскелік полиция инспекторларымен мекемелер мен ұйымдарда, оқу орындарында, аудан тұрғындары арасында «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы» Заңының негізгі талаптары түсіндірілді. Сондай-ақ, отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағаны үшін профилактикалық есептегі тұлғаларды тексеру, алкогольдік ішімдіктер мен есірткі құралдарын теріс пайдаланатын тұлғаларды есепке алу жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар ҚР Заңы бойынша зорлық-зомбылықтың түрлері, қорғау нұсқамасы туралы, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіне сипаттама берілді.

Іс шара соңында өзара сұрақ-жауаппен алмасып, ҚР Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңы көрсетілген буклеттер таратылды.   



17.05.2019