Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31 1
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.05.2018
«Зорлық-зомбылықсыз отбасы»

Жыл сайын бүкіл әлем бойынша 15 мамыр Халықаралық отбасы күні атап өтіледі, бұл мемлекетіміздің демографиялық саясатымен бірге отбасының маңыздылығын көрсетеді.

Осыған орай 2018 жылдың мамыр айының 15-17 күндері аралығында Алматы қаласы «Зорлық-зомбылықсыз отбасы» атты жедел-профилактикалық іс шарасы өткізілді.

Бұл іс шараның негізгі мақсаты отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында болған заңсыз іс әрекеттерді ескерту, алдын алу, отбасындағы зорлық-зомбылықты жасауға бейім тұлғаларды анықтау.

Іс шара өту барысында Жетісу АІІБ ЖПҚ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полициия майоры Г.В. Құрбанбаеваның қатысуымен Сүйінбай атындағы №143 жалпы білім беретін мектептің оқушылары арасында «Бақытты отбасы» атты тақырыбында әңгіме жүргізілді, және де №21, №11 емханалардың дәрігерлері арасында, Алматы қ. Автомеханикалық колледжінің студенттері арасында, Жетісу ауданының аумағында орналасқан сауда орындарының келушілер мен жұмысшылары арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Әңгіме барысында Жетісу аумағында әйелдерге қатысты жасалған қылмыстарға шолу жасалды.

Сонымен қатар ҚР Заңы бойынша зорлық-зомбылықтың түрлері, қорғау нұсқамасы туралы, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіне сипаттама берілді.

Іс шара соңында өзара сұрақ-жауаппен алмасып, ҚР Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңы көрсетілген буклеттер таратылды.


17.05.2018