Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31 1
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

03.07.2015
«Іскерлік байланыстар» құралының қатысушысы болуға асығыңыз

Нараз аударыңыз, аңдатпа!

Егер Сіз жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерліктің басшысы болып, шетелден жаңа іскерлік әріптестер тапқыңыз келсе. Өзіңіздің сала бойынша шетелдік компанияларда тағылымдамадан өтіп, тәжірибе жинағыңыз келсе, онда «Іскерлік байланыстар» құралының қатысушысы болуға асығыңыз. Бұл жоба бойынша өзіңіз үшін әрі өзіңіздің компанияның өркендеуінде жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізесіз!

«Даму» Кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ-ның аймақтық филиалдарында «Бизнестің жол картасы -2020» бизнесті дамыту мен қолдаудың Біріңғай бағдарламасы аясындағы «Іскерлік байланыстар» құралының бірінші кезеңіне оқуға өтінімдер қабылдау жалғасуда.

Құралға - «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті дамыту мен қолдаудың Біріңғай бағдарламасының 1 Қосымшасына сәйкес экономиканың басым салаларында жұмыс істеп жүрген, шағын және орта бизнестің әрекеттегі орта және жоғары буынының жетекшілері қатыса алады.

Аталған құрал аясында қатысушылар екі кезеңнен өтеді.

Бірінші кезеңде - үш апталық бизнес-тренинг ұйымдастырылады. Бұл үдерісте Сіз басқарушылық құзіреттілігіңіз бен сыртқы экономикалық байланыстар саласындағы құзіретіңізді шыңдайсыз. Өз кәсіпорныңыздың бизнес-жоспарын әзірлейсіз. Дұрыс құрастырылған бизнес-жоспар - бұл инвестортың назарын аударып қана қоймай, келешек Сіздің кәсіпорныңыздың табысты өркендеуінің кепілі. Бизнес-тренинг біткен соң Сізге сертификат беріледі.

Аталған сертификат (екінші кезеңде) Германияда бизнес-тағылымдамадан өту үшін байқау іріктеуіне қатысуға құқық береді. Тағылымдама кезінде Сіз немістік кәсіпорындардың жұмысымен танысып; олармен іскерлік байланыс орнатып; технологияны трансферттеу және құрал-жабдық сатып алуға; өзара тауар жеткізуге; франшиз алуға; бірігіп кәсіпорындар құруға мүмкіндік аласыз.

Қатысу үшін өтінімді «Даму» Қорының аймақтық филиалдарына беру қажет.

Қосымша: 2015 жылға арналған «Іскерлік байланыстар» құралдары бойынша дәрістер кестесі.

Қосымша 1

2015 жылға арналған «Іскерлік байланыстар» құралдары аясында

кеңестер мен дәрістер өткізудің кестесі

Лек реті

Оқытудың ұзақтығы

Ішкі бөлім

Сыртқы бөлім

Бизнес-жобаларды қорғау мен сертификаттар табыстау

1

18 мамыр - 12 маусым

(Алматы, Астана, Өскемен қалаларында)

18 - 27 мамыр

29 мамыр - 2 маусым

12 маусым

2

2 - 29 маусым

(Алматы, Астана, Қостанай қалаларында)

2 - 11 маусым

15 - 19 маусым

29 маусым

3

15 маусым - 13 шілде

(Алматы, Астана, Талдықорған қалаларында)

15 - 24 маусым

29 маусым - 3 шілде

13 шілде

4

7 қыркүйк - 2 қазан

(Алматы, Астана, Шымкент қалаларында)

7 - 16 қыркүйек

21 - 25 қыркүйек

2 қазан

5

5 қазан - 2 қараша

(Алматы, Астана, Ақтау қалаларында)

5 - 14 қазан

19 - 23 қазан

2 қараша



Назар аударыңыз, аңдатпа! «Аға сеньорлар» компоненті бойынша өтінім қабылдау басталды

Құрметті кәсіпкерлер!

Сіздерді «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті дамыту мен қолдаудың Біріңғай бағдарламасы аясында (Аға сеньорлар) компонентінің шетелдік жоғары білікті мамандарды тарту бойынша басқарудың жаңа тәсілдерін енгізу мәселелері бойынша, өндіріс, құрал-жабдықтар технологиялары және қызметкерлерді оқытуға қатысуға шақырамыз.

«Аға сеньорлар» компоненті экономиканың басым салаларында еңбек етіп жүрген әрекеттегі кәсіпкерлерге шетелдік сарапшыларды өз кәсіпорнына шақыру арқылы кәсіби ұсынымдар мен тәжірибе алмасуды ұсынады.

Сарапшылық көмек - бизнесті жүргізудегі туындаған мәселелерді шешуде тәжірибелік машықты қалыптастыру мақсатындағы ұйымдастырушылық сипатта және техникалық мәселелерді шешуде тәжірибелік көмек көрсету мен қызметкерлерді оқытудан тұрады.

Кеңес беру бағдарламасы сарапшының кәсіпорын аумағындағы тікелей кездесуін, сонымен қатар кәсіпорынның мәселесін саралау негізінде құрастырылған тәжірибелік ұсынымды сарапшыға ұсынуды қамтиды.

Жобаға – экономиканың басым секторларында жұмыс істеп жүрген, шағын және орта кәсіпкерліктердің орта және жоғары буынының басшылары қатыса алады.

«Аға Сеньорлар» компоненті бойынша шетелдік сарапшыларды тарту шығыны республика бюджетінің қаражаты есебінен төленеді.

Шетелдік сарапшының ұшып келуі мен кетуінің шығыны республика бюджетінің қаражаты есебінен төленеді.

Қатысушылар сарапшының Қазақстанда болуына байланысты шығындарын: тұратын жатын-жайын, тамағын, тәуліктік қажетін, аудармашының қызметін өздері төлейді.

Қатысуға асығыңыздар!

Қатысуға өтінім мен өзге де құжаттар «Даму» Қоры аймақтық филиалының Кәсіпкерлергеқызмет көрсету орталығында қабылданады.

03.07.2015