Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31 1
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

07.10.2016
Алматыда тағы бір street workout алаңы Жетісу ауданының аумағында ашылды

Алматы, 7 қазан 2016 жыл. – Тағы бір қалалық workout (ағылш. «жаттығу») алаңы бүгін Алматыда ашылды. Ашық аспан астында спортпен айналысуға арналған жаңа орын Алматы қаласы Жетісу ауданы «Құлагер» ықшам ауданының Гүлдер паркінде орналасқан.

Мұнда көшедегі жаттығуларға арналған әртүрлі снарядтардың тұтас кешені пайда болды: әдеттегі қоссырықтан айрықша «қолмен жүргішке» дейін бар, оның үстіне бұлардың барлығын тәжірибелі воркаутерлер командасы мен Қазақстанның Street Workout Федерациясының өкілдері зерттеуден өткізді. Алаңның кейбір элементтері жаттығуларға ыңғайлы болуы үшін жарақтандырылды.

Алматыдағы спорт алаңы Ұлттық Олимпиада комитетінің бастамасы бойынша салынған он бірінші алаң болды. Ұқсас workout-аймақтар Астанада, Ақтөбеде, Шымкентте жұмыс істеп жатыр және қала тұрғындары арасында бірден әйгілі болды. «Ауладағы» жаттығуға спорттық дайындық деңгейіне немесе арнайы дағдыларының болу-болмауына қарамастан, әрбір адам келе алады, workout-ты сондықтан да «көше фитнесі» деп атайды. Басты идеяның ерекшелігі спортпен айналысу, сау және күшті денеге иелік ету, күшті рухты тәрбиелеу жаттықтырушының қатысуын талап етпейді, спортзалға арнайы абонементтің болуы міндетті емес, және барлық қалаушылар кез келген ыңғайлы уақытта келе алады.

«Жаттығудың өзі өз салмағыңмен жұмыс істеуге негізделген және төрт негізгі жаттығуға негізделеді: тартылу, еденнен және сырықтан денені көтеру, тізені бүгу. Бұған қоса, мұндай көшедегі фитнес-сессиялар – әлеуметтік белсенділіктің тамаша мысалы болып табылады: мұнда жергілікті қауымдастықтар құрылады, спортшылар бір бірінен үйренеді, достарын спортпен айналысуға ынталандырады.» - дейді Қазақстанның Street Workout Федерациясының президенті Момынов Дамир Мұратұлы.

Ашық аспан астындағы жаттығу алаңдарының құрылысы елде бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын ілгерілету үшін Қазақстанның Ұлттық Олимпиада Комитетінің басшысы Тимур Құлыбаевтың жетекшілігімен қалалық әкімдіктермен және Қазақстанның STREET WORKOUT федерациясымен бірлесе жүргізілуде.

            Өткізілген іс-шараға Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі Разақов Т.К., Алматы қаласының дене-шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Донбаев А.,  Қазақстанның Street Workout Федерациясының президенті Момынов Д. М., Жетісу ауданы мектептерінің жоғарғы сынып оқушылары мен автомеханикалық колледжінің студенттері қатысты.


07.10.2016