Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31 1
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

10.01.2018
«Алматыинжстрой» АҚ-да Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің Төраға Орынбасары, «Нұр Отан» партия фракциясының басшысы Г.Исимбаевамен кездесу ұйымдастырылды

Ағымдағы жылдың 10 қаңтар айында Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің Төраға Орынбасары, «Нұр Отан» партия фракциясының басшысы Г.Исимбаева мен Алматы қаласы «Алматыинжстрой» АҚ-ның еңбек ұжымымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ««Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» халыққа жолдауын жүзеге асыру мәселесі талқыланды.

Қазіргі уақытта «Алматыинжстрой» акционерлік қоғамы 50 жылдық уақыт бойы сенімді құрылыс компаниясы ретінде өз мәртебесін сақтап келеді. Сапалы құрылыс қағидасы холдингтің 1961 жылы құрылғанан бастап қалыптасқан белгілі. Құрылыс компаниясының таңдаудағы басты критерийі -  Сапалық және беріктік. Осы қағидаларды «Алматыинжстрой» холдингі басшылыққа алуда. Компанияның басты және нәтижелі мақсаты қазақстандықтардың өмірін көрікті және қолайлы ету болып табылады.

Кездесу барысында депутат ҚР Парламент мәжілісінің жұмысы туралы айтып, акционерлік қоғам жұмысшыларының мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларға, құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатқа қатысты, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, сондай-ақ жүйелік реформалардың маңыздылығы туралы бірқатар сұрақтарға жауап берді.

- Бірліктің, тұтастықтың және рухани күштің арқасында біз экономикалық даму мен азаматтық келісімге қол жеткіздік. Қазақстан мемлекеттік құрылыстың жаңа даму кезеңіне өтті. Ұлт жоспарының базалық векторы «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы болды, - деп Г.Исимбаева атап өтті.

«Алматыинжстрой» АҚ-ның жұмысшыларын «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңына енгізілген өзгертулер туралы, құрылыс және жөндеу саласындағы цифрландыру енгізу туралы, сонымен қатар сәулет, қала құрылысы, құрылыс индустриясының өндірістік базасын дамыту туралы сұрақтар қызықтырды.


Сонымен қатар, 9 қаңтар күні Алматы қаласы Жетісу ауданы №101 мектеп-гимназиясында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «НұрОтан» партиясының мүшесі, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі Нурумов Ш.У. кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге Жетісу ауданы әкімінің орынбасары Тоғай Санжар Әділұлы, «Нұр Отан» партиясының Жетісу аудандық филиалы Төрағасының бірінші орынбасары Әлбисенов Ерлан Ибрагимович және мектеп ұжымы мен ата-аналары қатысты. Кездесу барысында Шаймардан Усаинович толықтай біткен жөндеу жұмыстарынан кейінгі мектептің жаңа келбетін тамашалады. Кездесуге келген қонақтар бір-бірімен сыр шертісіп, қойылған сұрақтарға жауаптарын ала алды.


10.01.2018