Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31 1
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

28.05.2018
Жетісу ауданы әкімдігінде халық арасында әлеуметтік салада Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің нормалары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру қызметін үйлестіру жөніндегі Орталық филиалының директоры Жунусов Біржан Уалиевич Алматы қаласының Жетісу ауданы әкімдігінде халық арасында әлеуметтік салада Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің нормалары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесуге қатысқандар: аппарат жетекшісі В.В. Вавилин, Нарматов Айдынжан Жанбердиевич - Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің басшысы, Бокижанова Фарида Маратқызы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы қаласы бойынша филиалының директор орынбасары, Өмірәлиева Сания Алденовна - Жетісу ауданы ардагерлер кеңесі төрағасы, Базикенова Калия Уркинчиновна - Жетісу аудандық әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімінің бастығы, Смағұлова Назым Максатқызы - э.ғ.к. . Жетісу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы және 60 адам Жетісу ауданының басқа да ұйымдары мен тұрғындары.

2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты және тек жалпыға бірдей бекітілген зейнеттік жасқа жеткен жағдайда тағайындалатын болады (әйелдер - 58-63 жас және ерлер – 63 жас).

Базалық зейнетақы төлемін тағайындау үшін қатысу өтіліне 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі жасалған еңбек өтілі және 1998 жылдың 1 қаңтарынан кейінгі жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу кезеңдері (міндетті зейнетақы жарналарының түсуі бойынша) ескерілетін болады.

Бұл тәсіл әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіреді – егер адам көбірек жұмыс істесе, онда оның базалық зейнетақысы да жоғары болады.

Бұл өзгеріс қазіргі зейнетке шыққандарға және болашақ барлық зейнеткерлерге қатысты.

2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақы мөлшері зейнетақы жүйесінде 10 жыл қатысу өтілі немесе ол болмаған жағдайында еңтөменгі күн көріс мөлшерінің 54% (2018 жылы ең төменгі күн көріс мөлшері – 28 284 теңге) құрайтын болады, 10 жылдан артық болған жағдайда әр жыл үшін оның көлемі 2 % артатын болады және 33 және одан да көп жыл еңбек өтілі болған жағдайда ол ең төменгі күн көріс деңгейінің 100 % тең болады.

Еңбек

өтілі

ТКД нен үлес

ТКД – нен мөлшері (2018 жылға 28 284)

Еңбек өтілі

ТКД –нен үлес

ТКД – нен мөлшері (2018 жылға 28 284)

< 10

54 %

15274

22

78 %

22062

11

56 %

15840

23

80 %

22628

12

58 %

16405

24

82 %

23193

13

60 %

16971

25

84 %

23759

14

62 %

17537

26

86 %

24325

15

64 %

18102

27

88 %

24890

16

66 %

18668

28

90 %

25456

17

68 %

19234

29

92 %

26022

18

70 %

19799

30

94 %

26587

19

72 %

20365

31

96 %

27153

20

74 %

20930

32

98 %

27719

21

76 %

21496

33

100 %

28284

Қайта есептеу қосымша құжаттарды талап етпей жүзеге асырылады, яғни зейнеткерлерге ешқайда бару керек емес, себебі еңбек өтілі туралы ақпарат зейнетақы істерінде, ал міндетті зейнетақы жарналарын төлеу мерзімі – міндетті зейнетақы жарналарын төлеу туралы деректер базасындағы мәліметтер бойынша.

2005 жылғы 28 маусымдағы № 63 «Балалы отбасыларға арналған мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы бойынша 2018 жылғы 1 шілдеден бастап бала кезінен бірінші топтағы мүгедектігі бар балаға күтім жасағаны үшін, ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу жоспарланып отыр.
Қазіргі кезде мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-аналарға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы мүгедек бала үшін 18 жасқа дейін 1.05 айлық жалақы мөлшерінде төленеді (2018 жылы - 29 699 теңге).

Мүмкіндігі шектеулі баланың заңды жасына жету ата-ана қамқорлығына деген қажеттілікті жоймайды.

Осыған байланысты Мемлекет басшысы 10 қаңтардағы өзінің жолдауында
2018 жылдың 1 шілдесінен, мүгедек балалар күтімі үшін ата-аналарға қосымша мемлекеттік жәрдемақы тағайындау туралы Үкіметке тапсырма берген.

2018 жылдың 1 шілдесінен бастап, бала кезінен бірінші топтағы мүгедектігі бар балаға күтім жасағаны үшін, ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалады.

Жәрдемақы мөлшері 1,05 ең төменгі жалақы, немесе 29.699 теңге (- 28.284 теңге MZP) болып табылады.

 

28.05.2018