Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31 1
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.04.2019
Жетісу ауданы әкімінің ғимаратында ауданның көп балалы және аз қамтылған отбасыларымен кездесу өткізілді

2019 жылы 19 сәуірде Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімі аппаратының ғимаратында ауданның көп балалы отбасыларымен кездесу өткізілді.

Бұл кездесуге Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері – Ерлан Сәбитұлы Асқаров, Алматы қаласы бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші – қон комитетінің департаментінен – Нарматов Айдынжан Жанбырович, Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысының орынбасары - Сайран Тәпенұлы Сайфеденов, Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің орынбасары - Вячеслав Дмитриевич Вавилин, сондай-ақ, Алматы қаласының жұмыспен қамту орталығының өкілдері, Алматы қаласы Жетісу ауданының әлеуметтік-әл-ауқат бөлімі басшысының м.а., Жетісу ауданының МБ бас дәрігері, Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының аумақтық бөлімінің басшысы, Алматы қаласы бойынша "Азаматтарға арналған үкімет "МК" КЕАҚ филиалының басшысы, Алматы қаласы Жетісу ауданының жергілікті өзін-өзі басқару комитеті, Алматы қаласы Жетісу ауданының УП өкілі. қатысты.        

Кездесуде ХЖҚ орталығында есебінде тұрған және Алматы қаласы бойынша Жұмыспен қамтудың белсенді шараларына жіберілген жұмыссыз азаматтардың саны туралы түсініктеме берілді. "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша Жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылған көп балалы аналарға әлеуметтік көмек алу, шағын бизнесті дамыту үшін мемлекеттік гранттар алу және басқа да көптеген әлеуметтік бағдарламалар мәселелері бойынша консультациялық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Көп балалы аналарымыз өткізілген жиналыста қойылған сұрақтарына толық дәлелді жауаптар ала алды.

19.04.2019