Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31 1
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

25.07.2018
Жетісу ауданының ғимаратында жұмыс берушілермен 2017-2021 жылдарға арналған Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын түсіндіру бойынша кездесу өткізілді

Алматы қаласының Жетісу ауданы әкімі аппаратының ғимаратында ағымдағы жылдың 25 шілдесінде сағат 11: 00-де Алматы қаласы Жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері мен Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қызметкерлері мен Жетісу ауданы әкімі аппаратының әлеуметтік сала бөлімінің қызметкерлерімен бірлескен, 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» Жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын түсіндіру бойынша кездесуі өткізілді. Жұмыспен қамтудың белсенді шараларының бағдарламалары, атап айтқанда: Қоғамдық жұмыстар, Жастар тәжірибесі, Әлеуметтік жұмыс орындары. берілген өтініштер бойынша жұмыс берушілер үшін кадрларды іріктеуге көмектесетін, сондай-ақ уақытша жұмыс орындарын құруға және қызметкерлерді оқытуға, қайта даярлауға мүмкіндік беретін сапалы қызметтерді көрсететін жаңа форматта қызмет көрсету бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Осы бағдарлама аясында «enbek.kz» электрондық еңбек биржасы порталы жұмыс жасайды. (МӘМС) формализациясы. 
Бұл кездесуге Алматы қаласының Жетісу ауданында орналасқан медициналық ұйымдардың кадрлық қызметтерінің басшылары, мектепке дейінгі және орта білім беру мекемелерінің кадрлармен қамтамасыз ету бөлімінің бастығы, ірі ұйымдардың кадрлық қызметтерінің жетекшілері қатысып, осы бағдарламаны іске асыру бойынша туындаған сұрақтарға жауап алды.
Кездесудің қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға түсіндірме брошюралар таратылып, сауалнама жүргізілді.


25.07.2018