Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31 1
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.04.2017
Жетісу ауданы әкімінің аппаратында мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын талқылау бойынша кеңес өткізілді

Жетісу ауданы әкімінің аппаратында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын талқылау бойынша кеңес өткізілді.

Жетісу ауданы әкімінің аппарат басшысы Ж.Садвақасова жиынды аша келе, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жариялануы соңғы күндердегі маңызды қоғамдық-саяси оқиғаның бірі болғанын атап өтті. Онда мемлекет басшысы әлемдегі ең дамыған отыз елдің қатарына қосылуға бағытталған әрі қарай дамудың негізгі басымдықтары айқындалған.

«Өзінің бағдарламасында Елбасы барлық өзгерістердің негізінде – құндылықтарды іштей бағалау, мақсатқа жету үшін санамыз ісімізден озып жүруі, жаңғырып отыруы тиіс екендігін есімізге салады. Мемлекет басшысы қоғамның рухани жаңғыруы озық дәстүрлеріміз бен ұлттық-мәдени мұраларымыздың арқасында қол жететінін айтты. Осының нәтижесінде өткен, қазіргі уақытты және болашақты үйлесімді сабақтастыруға қол жеткізуге болады. Осы орайдағы сізбен біздің міндетіміз, Елбасының тапсырмаларын іске асыра отырып, бағдарламада көрсетілген жобаларға аса назар аудару керек» - деді Ж.Садвақасова.

Сонымен қатар, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын талдау бойынша өткізілген жиналыста «Ахыска» түрік орталығының басшысы Қазақстан халық ассамблеясының мүшесі, халықаралық қауіпсіздік саласындағы философия ғылымдарының докторы – Қасымов Қ.Т., педагогика ғылымдарының кандидаты, Жетісу аудандық «Нұр Отан» партиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшесі – Шакирова Т.М., қауымдастырылған профессор, философия ғылымдарының докторы, Абай атындағы ҚҰПУ доценті – Сексенбаева Л.Е., философ-публицист, журналистер одағының мүшесі Абдраимов А.Б. өз пікірлерін ортаға салды.

19.04.2017