Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

08.06.2019
«Боралдай сақ қорғандары» археологиялық саябағында «Ұлы дала – көшпенділер әлемі» этнофестивалі өтті

2019 жылдың 7-8 маусым күні «Боралдай сақ қорғандары» археологиялық саябағында «Ұлы дала – көшпенділер әлемі» этнофестивалі өтіп, онда дүниежүзнің өкілдері қатысты. Жетісу ауданы әкімінің аппараты өз кезегінде ұлттық стилде безендірілген, іші толық жабдықталған 12 қанатты «Жетісу ауылы» киіз үйін құрды. Үй жабдықтарының ішінде «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» кітабы ерекше орын алып тұрды. Ұлттық киім киген бойжеткендер келген қонақтарды Ораза Айт мерекесімен құттықтап қазақ халқының дәмі бауырсақ таратса, киіз үй алдындағы домбыра мен қобыз тартқан музыка шеберлері әсем үндерімен қонақтарды тәнті етті. Мерекелік «Ұлы дала – көшпенділер әлемі» халықаралық этнофестивалі іс-шарасына әлемнің 18 елінен 140-тан астам өкіл қатысты. Келушілерге ыңғайлы болу үшін сағат 8-00 ден 19:00-ге дейін арнайы автобус бағыттары ұйымдастырылған, олар мына төрт нүктелер бойынша қатынайды: Байтурсынов/Абай, Н.Сац атындағы театр (Шаляпин көшесі, 22), Алатау дәстүрлі өнер театры және Алматы-1 ТВ (автотұрақ). Жолақы құны 150 теңге.


08.06.2019