Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31 1
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.01.2017
М. Жұмабаев атындағы №137 жалпы білім беретін мектепте «Мектептің өзі - отбасы» тақырыбында токшоу өткізілді

Ағымадағы жылдың 19-шы қаңтарында М. Жұмабаев атындағы №137 мектепте жетісу аудандық прокуроры Нариман Бектасұлы мен оқу бөлімінің басшысы Кусайынова Салтанат Амангелдіқызының қатысуымен «Мектептің өзі-отбасы» тақырыбында токшоу өткізілді. Бұл токшоудың басты мақсаты оқушының қазіргі заман талабына сай жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал ету. Ұстаз бен шәкірт арасындағы рухани байланысты нығайту.Іс-шара барысында тақырыпқа сай бейнеролик көрсетілді. Бейнероликте қазіргі кездегі мектеп мұғалімі мен оқушы арасындағы кикілжің соның ішінде мұғалімнің оқушыға қол жұмсауы, керісінше оқушының мұғалімге қол көтеруі көрсетіледі. Көрсетілімнен соң осы мәселе төңірегінде келген қонақтармен қызу әңгіме өрбіді. Токшоуға келген қонақтармен қатар мұғалім, оқушы, ата-ана және журналист қатысып өз ойларын ортаға салды. Көрермен залы 5-11 сынып аралығындағы оқушылар және мұғалім, ата-аналармен толықты. Келген қонақтарға тақырып аясында өзекті сұрақтар қойылып, ауқымды жауаптар алынды. Өз кезегінде көрермен арасынан оқушылар көкейде жүрген сұрақтарын қойды. Көрермен арасынан мектебіміздің 5 сынып оқушысы Қырықбай Темірлан тақырыпқа өз ойын қосып, өз шығармашылығынан өлең оқып берді. Әңгімені түйіндей келе,аудан прокуроры Нариман Бектасұлы мен білім бөлімінің басшысы Кусаинова С.А. шәкірттерге тәрбиелік мәні зор ақыл-кеңестерін айтып, оқушыларға бағат-бағдар берді. Кеш соңында мектебімізідің мақтанышы «Назқоңыр» домбырашылар ансамблі өз өнерлерін паш етті. Қорытынды сөзді мектебіміздің басшысы Ақшалова Сандуғаш Балтабайқызы алып, қонақтарға, токшоуға белсене қатысқан ұстаздар мен оқушыларға алғыс білдіре отырып, аталмыш тақырыптың қазіргі кезде өзекті мәселе екендігін тілге тиек етті. Токшоу соңында оқушылар мен мұғалімдер кеш қонақтарымен естелік суретке түсіп, көтеріңкі көңіл-күйде қайтты. 

      


20.01.2017