Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31 1
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

29.04.2019
Алматы қаласы Жетісу ауданының зейнеткерлері Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында қаланы аралады

2019 жылдың 29 сәуірінде «1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні» қарсаңында және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппараты 50-ден аса зейнеткерлер үшін Алматы қаласының көрікті жерлеріне саяхат ұйымдастырды.

Ардагерлерге арналған экскурсия метрополитенге түсуден басталды. Автобустық саяхаттың келесі аялдамасы – ҚР Тұңғыш Президентінің саябағы, онда ардагерлер серуендеп, қызықты кездерін еске түсірді. Әрі қарай, қариялар ҚР Орталық Мемлекеттік музейіне жеткізілді. Музейде Жетісу ауданы әкімінің аппаратымен «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасының аясында ұйымдастырылған «Мұздай темір құрсанып..» атты ағайынды темірші-ұсталар Қүлменовтардың жеке топтамаларынан ежелгі сақ жауынгерлерінің қару-жарақ үлгілерінің экспозиция көрмесін тамашалады. Біздің аудан зейнеткерлері көрменің жабылу салтанатына қатысты.

Музейден кейін іс-шараға қатысушылар Панфилов көшесіндегі аллеямен («жаңа Арбат») жүріп өтті.

Шақырылған ардагерлер мен зейнеткерлер ұйымдастырылған іс-шараға өз алғыстарын айтып, алған әсерлерімен өзара бөлісті.


29.04.2019