Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31 1
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

14.02.2019
Алматы қаласы Жетісу ауданында Ауғанстаннан кеңес әскерлерінің шығарылуына 30 жыл толу құрметіне «Жауынгер соғыс таңдамайды» атты салтанатты шарасы ұйымдастырылды

2019 жылдың 15 ақпанында Ауғанстаннан кеңес әскерлерінің шығарылуына 30 жыл толады. Маңызды дата қарсаңында Алматы қаласы Жетісу ауданында барлық мекемелер мен ұйымдарда интернационалист-жауынгерлердің, Айған соғысының ардагерлерінің қатысуымен бірқатар іс-шаралар өткізіліп жатыр.

2019 жылдың 14 ақпанында ҚР ҰҚК шекара қызметінің №2468 әскери бөлімі басшылығы Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімі аппаратымен бірге Ауғанстаннан кеңес әскерлерінің шығарылуының 30 жылдығы құрметіне «Жауынгер соғыс таңдамайды» атты салтанатты шарасын ұйымдастырды. Кездесуге әскери қызметкерлер, Ауғанстанда қызмет еткен шекара қызметінің ардагерлері, ардагерлер кеңесінің төрағасы Ш.И.Имашев, зейнеткерлікке шыққан поковник Сакибаев Е.Т. және құрметті қонағы ретінде наурыз айында 100 жасқа толатын ҰОС ардагері Измайлова Софа Искаковна қатысты.

Салтанатты іс-шара соғыста қаза болған жауынгерлердің құрметіне бір минуттық үнсіздіктен басталды, содан кейін ҚР мемлекеттік гимні орындалды. Құттықтау сөзбен 2468 әскери бөлімінің командирі Қ.С.Оразов, Жетісу ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы Ш.И.Имашев және Ұлы Отан соғысының ардагері Измайлова С.И. жиынды ашты.

Шараға қатысушыларға концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Мереке соңында ҰОС ардагері Измайлова Софа Искаковна 2468 әскери бөлімінің атынан «Асыл ана» медалімен марапатталды.

 



14.02.2019