Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31 1
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.09.2018
Алматы қаласы Жетісу ауданында «Алтын күз» марафоны өтті

2018 жылдың 21 қыркүйегінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында мемлекеттік және әкімшілік қызметкерлер арасында «Алтын күз» спорттық іс-шарасы (жүгіру) өтті.

Жүгіру жарысында әкім аппаратының, ХҚКО, АІІБ, медициналық мекемелер, 2468 әскери бөлімі, АТЖБ, білім бөлімі, мемлекеттік кірістер басқармасының қызметшілері қатысты.

Бұл шараның негізгі мақсаты жаппай спорт түрлерін дамыту, мемлекеттік қызметшілер арасында салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.

Жүгіруге 100-ден аса адам қатысты.

Марафон нәтижесі бойынша ерлер арасында бірінші орынды М.Диденко – білім бөлімінің қызметкері алды, жүлдесі теледидар. Екінші орынға Г.Медеуов – 2468 әскери бөлім қызметкері ие болды, жүлдесі микротолқынды пеш, үшінші орынды К.Боранбеков – 2468 әскери бөлім қызметкері алып, сыйлыққа жылытқыш табысталды.

Әйелдер арасында жүлделі 1 орынды А.Смаил – 2468 әскери бөлім қызметкері иеленді, жүлде теледидар, екінші орынды Г.Бектемирова – білім бөлімінің қызметкері жеңіп алды, жүлдесі микротолқынды пеш және 3 болған А.Серік - №11 қалалық емхана жұмысшысы сыйлыққа жылытқыш алды.


21.09.2018