Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31 1
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

28.10.2016
Алматы қаласы Жетісу ауданында бокстан Республикалық турнир өтті

Қазан айының 25-і мен 28-і аралығында, Жетісу ауданында, халықаралық спорт шебері, КСРО екі дүркін жеңімпазы, бірнеше дүркін халықаралық турнирлер жеңімпазы, 1969 жылы өткен бокстан «КСРО - АҚШ» тарихи матчтық кездесу қатысушысы, Еуропаның Достастық Әскери кубогының иегері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген бапкері Абдрашит Абдрахмановтың 70 жылдық мерей тойына арналған Республикалық турнир өтті.

«Сұлтан -Динамо» бокс клубында өткізілген жарысқа 24 және 63 килограмм арасындағы салмақтық категория бойынша 302 спортсмен, оның ішінде 4-еуі қыз бала, қатысты.

Турнирге мерей той иегері – Абдрахманов Абдрашит Хакимұлы, сондай-ақ «Динамо» спорттық клубтың ардагерлері, интернационалист жауынгерлер сияқты сыйлы қонақтар қатысты. Турнир қатысушылары табандылық, күш жігер сабақтарын алды. Финалисттер медальдармен, грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды. Керемет бапкер және спортсмен, сондай-ақ  «Казақфильм» және «Қырғызфильм» студияларының 30 фильміне түскен әртіс болып табылатын, «аңыз адам» аталған тұлғамен кездесу осы турнирдің  барлық қатысушыларының есінде мәңгілікке қалады.

       


28.10.2016