Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31 1
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

26.07.2017
Жетісу ауданының әкімі М.І.Тәжібаевтың аудан тұрғындарымен кездесуі бекітілген кестеге сәйкес ұйымдастырылды

25 шілде 2017 жылы Алматы қаласы Жетісу ауданының жергілікті өзін-өзі басқару комитеті мен жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторларының бірлесіп ұйымдастыруымен аудан әкімі М.І.Тәжібаевтың Құлагер ықшамауданы №№30,33,39а және 53 үйдің тұрғындарымен округтегі құқықтық тәртіп және тұрғындарды толғандырған (мәселелі) сұрақтар бойынша кездесу өткізілді. Бұл жаңа тағайындалған аудан әкімі М.І.Тәжібаевтың аудан тұрғындарымен бірінші кездесуі.

Тұрғындарды толғандырған сұрақтардың басым көпшілігі округтегі санитарлық тазалық, автокөлік тұрақтары және қаңғыбас иттерді аулау және т.б сұрақтар сол жерде шешімін тапты, ал аулаларды жарықтандыру, өзендер өзегін тазарту және қоғамдық көліктер кестесін қолайлы жағдайға келтіру туралы сұрақтар тиісті қызмет көрсететін мекемелерге жолданды.

Құлагер ықшамауданының тұрғындары аудан әкімінің берген жауаптарына ризашылықтарын білдіріп, деніне саулық, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

26.07.2017