Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31 1
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

11.02.2016
Жетісу ауданында «1000 мейірімді іс» акциясы жалғасуда

Жетісу ауданында «1000 мейірімді іс» акциясы жалғасуда, оның мақсаты тұрғындардың аз қамтылған топтарына әлеуметтік көмек көрсету, тұрмысы төмен және көпбалалы  отбасыларға, ұлы отан соғысының ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне, жалғызбасты зейнеткерлерге, мүмкіндігі шектеулі адамдарға, мүгедек және жетім балаларға қайырымдылық көмек беру.

Осы акция аясында «Алпроф» ЖШС-гі ауданда келесі мекенжайлар бойынша 5 балалар алаңшасын салды:

- Волочаевский, 355 - көлемі 100 м2.

- Геологов, 6 - көлемі 110 м2.

- Грибоедов, 91 - көлемі80 м2.

- Есенов, 168 - көлемі100 м2.

- Казаков, 19 - көлемі80 м2.

«МедАспапОптика» ЖШС Құлагер ш/а тұрғыны балажасынан І-топ мүгедегі Ермекбаева Ләйләға мүгедектер арбасын және көзін тегін тексерту үшін сертификат сыйға тартты, 5 жалғызбасты қарттарға көздерін тексертіп көзілдірік жасауға көмек көрсетті.

«Нур-Май Фармация» ЖШС 2005 жылы туылған Ибатулина Шынарға туған күнінің қарсаңында мүгедектер арбасын сыйлап, өздерінің қамқорлығына алды.

«Carlsberg Kazakhstan» ЖШС мүмкіндіктері шектеулі 30 жалғызбасты қарттарға азық-түлік пакеттерін үлестірді.

«Еткон» ЖШС тұрмысы төмен 30отбасыға өздерінің өнімдерін әкеп берді.

«Айс-Мастер Айс-Крим» ЖШС басшылығы мұқтаж 100 отбасына көмек көрсетуге шешім қабылдап өз өнімдерінен азық-түлік жинақтарын ұйымдастырды.

Аудан кәсіпкерлері осы акцияға белсенді қатысып, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға қайырымдылық көмек көрсетуде. 

          

11.02.2016